Сұрау
Бюджет қаражатын шығыстау аясындағы жалпы жағдайды қалай бағалайсыз
дауыс беру
Өзіңнен баста
«Өзіңнен баста!» республикалық акциясының аясында Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясы басқаратын құрамының 2018 жылғы табыстары, мүлкі және мүліктік сипаттағы міндеттемелері туралы мәліметтерді декларациядағы үзіндіге сәйкес, жариялайды:
• Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Айнагүл Амангелдіқызы Құрманованың салық салынатын табысы 9 934,5 мың теңгені құрады. Меншік құқығында үш пәтер бар;
• Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Бәкір Саматұлы Демеуовтің салық салынатын табысы 8 196,1 мың теңгені құрады. Меншік құқығында тұрғын үйдің үлесі, сондай-ақ 2 пәтердің үлесі бар. Жұбайы Ф.Т. Отарбаевада жеке меншік құқығында пәтер, Павлодар қ. кеңсе және гараж (бокс) бар.
• Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Сәуле Байзоллақызы Сұлтанованың салық салынатын табысы 6 828,6 мың теңгені құрады. Меншік құқығында пәтер бар.
• Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Мәулен Адырбайұлы Үйсінбаевтің салық салынатын табысы 8 343,5 мың теңгені құрады. Меншік құқығында жеңіл автокөлік және гараж бар. Жұбайы Г.К. Үйсінбаеваның меншік құқығында пәтер бар;
• Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Жанар Шейхисламның салық салынатын табысы 5 301,6 мың теңгені құрады. Меншік құқығында пәтер және жеңіл автокөлік бар;
• Бөлім басшысы Айнагүл Даурумбекқызы Акипованың 2018 жылғы салық салынатын табысы 3 273, 7 мың теңгені құрады. Меншік құқығында саяжай учаскесінің үлесі бар. Жұбайы Р.М. Акиповтың меншік құқығында саяжай учаскесінің үлесі, пәтер және жеңіл автокөлік бар;
• Бөлім басшысы Бақыт Құдайбергенқызы Исаеваның салық салынатын табысы 2 824,7 мың теңгені құрады. Меншік құқығында пәтер бар. Жұбайы А.Б. Конукпаевтың меншік құқығында жеңіл автокөлік бар;
•  Бөлім басшысы Нұржан Амантайұлы Түйебаевтің салық салынатын табысы 2 986,4 мың теңгені құрады. Жеке меншік құқығында пәтер және тұрғын үй бар. Жұбайы Б.К. Мұсапованың меншік құқығында мүлік тіркелмеген.
Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті - Елбасы
Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан Республикасының Президенті
Құрманова
Айнагүл Амангелдіқызы
Павлодар облысы бойынша
тексеру комиссиясының
төрағасы
Сұрақ қою