Размер шрифта:
↑Наверх
Сұрау
Бюджет қаражатын шығыстау аясындағы жалпы жағдайды қалай бағалайсыз
дауыс беру
Азаматтар мен заңды тұлғалар өкілдерінің өтiнiштеріне шолу және қабылдау тәртібі
 
Азаматтар мен заңды тұлғалар өкілдерінің өтініштерін қабылдау және қарау тәртібі 
 
«Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінде азаматтардың өтініштерін қабылдау және қарау тәртібі Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Тексеру комиссиясының төрағасымен және мүшелерімен бекітілген тоқсандық кестеге сәйкес және айына бір реттен кем емес азаматтардың жеке қабылдауы жүргізіледі.
Жеке қабылдауға алдын ала жазылу Ұйымдастыру-құқықтық және сапа бақылау бөлімінің бас маманы Айнұр Мақсутқызы Сыздыковамен 328020 байланыс телефон арқылы жүзеге асырылады.
Өтініштерді қабылдау, тіркеу және есепке алу электрондық құжат айналым жүйесінде жүргізіледі. «Айқын» жобасының енгізілуіне байланысты мемлекеттік органға тікелей өтінген жеке тұлғаға немесе заңды тұлға өкіліне бірегей 18 сандардан құралған талон беріледі.
Сондай-ақ, азаматтарға Тексеру комиссиясының web-сайтында  «Сұрақ-жауап» айдары арқылы сұрақ қойып, жедел жауап алу мүмкіндігі берілген.
 
2018 жылғы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін шолу
 
2018 жылы Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясына жалпы 12 өтініш түсті, соның ішінде 7 өтініш – жеке тұлғаларға, 5 өтініш – заңды тұлғаларға тиісті.
Өтініштердің барлығы жергілікті жерге барусыз қаралды. Мәселелер бөлінісінде:                6 өтініш – тексеру жүргізуге қатысты, оның ішінде 2 өтініш – мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтарға қатысты, 4 өтініш – заңды тұлғалардың ұсынылған түпнұсқаларды жоғалтуымен байланысты аудиторлық материалдардың өтініштерін сұрау бойынша, 2 – өзге мәселелер бойынша.  
Қарау қорытындылары бойынша: 5 өтініш – қанағаттандырылды, 4 өтініштің мәні  бойынша жазбаша түсінік берілді, Қазақстан республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» Заңның 7-бабы 6-тармаққа сәйкес 3 өтініш – қанағаттандырылды.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау барысында мерзімінен кешіктіріп қаралғандары жоқ. Барлық өтініштер қаралды және оларға Заңмен белгіленген тәртіппен түбегейлі жауаптар берілді.  
 
 

2015 жылғы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін шолу

2015 жылғы Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясына барлығы заңды және жеке тұлғалардан жеті өтініш келіп түсті, соның ішінде 7 өтініш жеке тұлғалардан, 3 өтініш заңды тұлғалардан келіп түсті.
         Сұрақтар бойынша: 1 шағым лауазымдық тұлға тарапынан қызметік этиканы сақтамау мәселесі бойынша, 4 өтініш лауазымды тұлғалардың құқықтық емес іс әрекеттеріне қатысты шағымдану бойынша өтініштер,         2 заңды тұлғаның өтініші мемлекеттік сатып алудың заңсыз жүргізілу мәселесі бойынша.
  Өтініштер уақытылы қаралды. Қарау қорытындысы бойынша 2 өтініш қанағаттандырылды, екеуі бойынша түсіндіру берілді. Үшеуі Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 7-бабы 6-тармағына сәйкес, құзыреттілігі бойынша қаралуға жолданды. 
Заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының 2007 жылғы                  12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңмен белгіленген мерзімде жете жауаптары берілді.
 
2014 жылғы жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне шолу жасау
 
2014 жылы Павлодар облысының тексеру комиссиясына 9 өтініш түсті, соның ішінде заңды тұлғалардан – 4 өтініш, жеке тұлғалардан – 5 өтініш.
Мемлекеттік тілде – 2 өтініш.
1 талон берілді.
Сұрақтарды бөліп алып қарағанда.
1 –жер қойнауы мәселесі бойынша шағым,
3 – облыс мемлекеттік органдары лауазымды тұлғаларының заңсыз іс-әрекеттеріне шағымдану,
1 – мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтарға қатысты,
4 – өзге де сұрақтар бойынша.                 
Қарастыру қорытындысы бойынша:
1 өтініш – қанағаттандырылды,
 6 өтініш бойынша түсіндірулер берілді, соның ішінде 1 – жеке қабылдау бойынша,
 3 өтініш құзыреттілігі бойынша қарауға жіберілді (ескерту: 1 өтініш бойынша екі шешім қабылданды, біздің органға қатысты мәселесі бойынша және өзге де мәселелер бойынша құзыреттілігі бойынша жіберілді). 
Өтініштерді қарастыру мерзімдері дұрыс сақталған. Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы» Заңына сәйкес барлық өтініштер қаралды және оларға тиісінше жауаптары берілді. 
 
2014 жылғы I жартыжылдықтағы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін шолу
 
2014 жылғы 1 жартыжылдықта Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясына барлығы 4 өтініш түсті, соның ішінде 2 – заңды тұлғадан,   2 – жеке тұлғадан. 1 өтініш – мемлекеттік тілде.
Сұрақтарды бөліп алып қарағанда: жер қойнауын пайдалану бойынша 1 шағым, 2 өтініш облыс мемлекеттік органдары лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне қатысты, өзге сұрақтар бойынша – 1.
Өтініштер уақытылы қаралды. Қарастыру қорытындысы бойынша бір өтініш қанағаттандырылды, екіншісіне түсіндіру берілді, 2 өтініш қарастыру үшін құзыреттілігі бойынша жолданды.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңымен белгіленген жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мерзімдерін бұзу фактілері жоқ. Барлық өтініштер қаралды және оларға аз уақыт ішінде (2 күннен 6 күнге дейін) жауаптары берілді. 
 
2013 жылғы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін шолу
 
2013 жылы Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясына 7 өтініш келіп түсті, 1 – ұжымдық, 6 – заңды тұлғалардың өтініштері.
Екі өтініш еңбек және тұрғындардың жұмыспен қамтылуына қатысты сұрақтар. Өтініш сипаты бойынша: заңсыз іс-әрекеттерге шағымдану. Түрлі мәселелер бойынша қоғамдық қорлардан төрт өтініш  түсті.
Өтініштер уақытылы қаралды. Қарау қорытындысы бойынша: 3 өтініш - қанағаттандырылды, 3 өтініш бойынша - түсіндіру берілді, бір өтініш Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 11-бабы  1-тармағына сәйкес қараусыз қалдырылды.
 
2012 жылғы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін шолу   
     
2012 жылы Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясына 7 өтініш келіп түсті, жеке тұлғалардан – 2 өтініш, заңды тұлғалардан – 5 өтініш.
Екі өтініш еңбек төлем мәселесі бойынша, екі өтініш тексеру комиссиясының қызметіне қатысты мәселелер бойынша бұқаралық ақпарат құралдарынан келіп түсті. 
Қарау қорытындысы бойынша - 3 өтініш қанағаттандырылды, тағы үш өтініш бойынша түсіндіру берілді. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін негіз болатын бұзушылықтар туралы мәлімет бар бір өтініш Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 5-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес Павлодар облысының прокуратурасына құзыреттілігі бойынша жіберілді.
Барлық өтініштер уақытылы қаралды, азаматтарға және заңды тұлғаларға заңмен белгіленген мерзімде жете жауаптары берілді.
         
          
Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Құрманова
Айнагүл Амангелдіқызы
Павлодар облысы бойынша
тексеру комиссиясының
төрағасы
Сұрақ қою