Сұрау
Бюджет қаражатын шығыстау аясындағы жалпы жағдайды қалай бағалайсыз
дауыс беру
РЕГЛАМЕНТІ
 
Павлодар облысы бойынша
тексеру комиссиясының
2018 жылғы «23» тамыздағы
№ 22-1/13 қаулысымен бекітілді
 
 
Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының
РЕГЛАМЕНТІ
 
1. Жалпы ережелер
 
1. Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының осы Регламенті (бұдан әрі - Регламент) – Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясы (бұдан әрі – Тексеру комиссиясы) қызметінің ішкі тәртібін, Тексеру комиссиясының мүшелері арасында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бағыттарын бөлу, Тексеру комиссиясының есептерін қалыптастыру рәсімін, жұмысты жоспарлауды, іс қағаздарынжүргізуді ұйымдастыру, аудиторлық іс-шараларды, отырыстарды, кеңестерді дайындау мен өткізутәртібін және Тексеру комиссиясының өзге де қызметін реттейді.  
2. Шешімі Регламентпен реттелмеген мәселелер бойынша шешімдерді мәслихаттың 2016 жылғы 03 ақпандағы № 430/48 шешімімен бекітілген Тексеру комиссиясы туралы ережеге сәйкес Тексеру комиссиясының төрағасы қабылдайды.
Осындай мәселелерді шешу тәртібі Тексеру комиссиясы төрағасыныңбұйрығымен Тексеру комиссиясының барлық лауазымды тұлғаларының орындау міндеті белгіленген.
3. Тексеру комиссиясының құрылымы мен штат кестесі бекітілген штат кестесі және жергілікті бюджетте көзделген қаражат шамасында Тексеру комиссиясы төрағасының бұйрығымен бекітіледі.
Тексеру комиссиясының бөлімдері туралы ережелер және Тексеру комиссиясының қызметкерлеріне қойылатын біліктілік талаптары Тексеру комиссиясының аппарат басшысының (бұдан әрі – аппарат басшысы) ұсынымы бойынша Тексеру комиссиясы төрағасының бұйрығымен бекітіледі.
Тексеру комиссиясы қызметкерлерінің міндеттері біліктілік талаптарымен айқындалады және аппарат басшысының ұсынымы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы бекіткен лауазымдық нұсқаулықтармен бекітіледі.
4. Тексеру комиссиясының қызметкерлерін лауазымдарға тағайындау, мемлекеттік қызметті өткеру кезіндегі орын ауыстыру, жұмыстан шығару, демалыс беру Тексеру комиссиясы төрағасының шешімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
5. Тексеру комиссиясының қызметкерлерін мадақтау Тексеру комиссиясы төрағасының бұйрығымен бекітілетін Сыйлықақы беру туралы ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
6. Тексеру комиссиясының қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолдану Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
 
2. Тексеру комиссиясының жұмысын ұйымдастыру
 
7. Тексеру комиссиясының жұмысы Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңына, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 17-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – Қағида), мәслихаттың 2016 жылғы 03 ақпандағы № 430/48 шешімімен бекітілген Тексеру комиссиясы туралы ережеге, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 8-бабына сәйкес бекітілген Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың жалпы және рәсімдік стандарттарына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және осы Регламентке сәйкес ұйымдастарылады.
8. Жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында Тексеру комиссиясы төрағасының шешімімен Тексеру комиссиясының мүшелеріне мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың және оның қорытындылары бойынша талдамалық жұмыстың тиісті бағыттары бекітіліп беріледі. 
9. Қызмет бағыттары бойынша Тексеру комиссиясының құрылымдық бөлімшелеріне жалпы басшылықты аппарат басшысы жүзеге асырады.
10. Тексеру комиссиясының облыс мәслихатына және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) мәслихаттарға беретін есептері, аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері, сондай-ақ Тексеру комиссиясының құзыретіне кіретін өзге де мәселелер оның отырыстарында қаралады.
11. Күнделікті қызмет мәселелерін Тексеру комиссиясының төрағасы Тексеру комиссиясының мүшелерімен, аппарат басшысымен және  бөлім басшыларымен өткізілетін кеңестерде қарастырады. Кеңестің басқа қатысушыларын Тексеру комиссиясының төрағасы айқындайды. Кеңеске шақырылған тұлғаларды хабардар ету, оны өткізуге байланысты материалдарды дайындаудықұқықтық және ұйымдастыру жұмысы бөлімі (бұдан әрі –ҚжҰЖ бөлімі) жүзеге асырады. Кеңестің қорытындысы тиісті хаттамамен рәсімделеді.
12. Тексеру комиссиясы отырысының қарауына енгізілетін материалдардың, мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың нәтижелері бойынша қаулылардың, нұсқамалардыңжобаларын сапалы әрі уақтылы дайындауүшін аудиторлық іс-шараны өткізуге жауапты тексеру комиссиясының мүшесі, аудит тобының жетекшісі және олардыңәзірленуін жүзеге асыратын құрылымдық бөлімше жауапты болады.
13. Аудиторлық қызметті, әдістемелік, ақпараттық-талдамалық, құқықтық сүйемелдеуді және Тексеру комиссиясының және оның мүшелерінің өзге де қызметтерін қамтамасыз ету, Тексеру комиссиясы төрағасының және Тексеру комиссиясы мүшелерінің қатысуымен өтетін хаттамалық іс–шараларды, ресми кездесулерді ұйымдастыру Ережелерге сәйкес құрылымдық бөлімшелерменжүзеге асырылады.
14. Тексеру комиссиясында іс жүргізу Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2017жылғы 29қыркүйектегі № 263бұйрығымен бекітілген Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесіне және осы Регламентке сәйкес ұйымдастырылады.
15. Мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 наурыздағы №390-16с қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында құпиялылық режимін қамтамасыз ету бойынша нұсқаулығына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсе басшысының 2004 жылғы 29 шілдедегі № 25-1-59с бұйрығымен бекітілген Есептеу техникасы құралдарын қолданумен мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді өңдеу кезінде құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулығына сәйкес ұйымдастырылады.
16. Кіріс корреспонденцияны Тексеру комиссиясының төрағасы тексеру комиссиясының мүшелері мен аппарат басшысына қарау үшін жібереді.
Аппарат басшысы келіп түскен құжаттарды Тексеру комиссиясының құрылымдық бөлімшелеріне орындау үшін жібереді.
        
3. Тексеру комиссиясының жұмысын жоспарлау
 
17. Тексеру комиссиясы өз қызметін перспективалық, жылдық жұмыс жоспарлары, сондай ақ оларды іске асыру үшін әзірленген құрылымдық бөлімшелердің тоқсандық жұмыс жоспарлары негізінде жүзеге асырады. 
18. Перспективалық жоспарлау қол жеткізілуі Қазақстан Республикасы заңнамасымен жүктелген міндеттер мен функцияларға, халықаралық стандарттардың талаптарына негізделетін тексеру комиссиясының одан әрі дамуының ұзақ мерзімді міндеттерін, мақсаттар мен негізгі көрсеткіштерін айқындау мақсатында жүзеге асырылады.
19. Перспективалық жоспар Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жүйесінің ережелерін есепке ала отырып қалыптастырылған ұзақ мерзімді перспективаға әзірленген құжат болып табылады.
Перспективалық жоспар тексеру комиссиясы қызметінің бағыттарын ескере отырып (мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, сараптамалық-талдау, әдіснамалық, құқықтық және басқа да бағыттар),бес жылға қалыптастырылады. 
Перспективалық жоспар оны атқаруға арналған шарттар өзгеріп, жекелеген түйінді көрсеткіштер орындалып, Тексеру комиссиясына жаңа міндеттер мен функциялар жүктелген кезде жылына бір рет 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде түзетуге жатады.
         20. Алдағы жылға арналған жылдық жұмыс жоспары Тексеру комиссиясының ұзақ мерзімді және ағымдағы міндеттері мен қызмет бағыттарына қарай қалыптастырылады. Жоспарлы кезең ішінде оны атқаруға арналған шарттардың өзгеруін, жекелеген түйінді көрсеткіштердің орындалуын және Тексеру комиссиясына жаңа міндеттердің, функциялардың жүктелуін ескере отырып, жылдық жоспар түзетілуі мүмкін.
Тексеру комиссиясының кезекті жылға (тоқсан) арналған жұмыс жоспары (бұдан әрі – Жұмыс жоспары) перспективалық жоспар, тиісті бағыттарға жетекшілік ететін Тексеру комиссияныңмүшелерімен келісілген құрылымдық бөлімшелерұсыныстарының негізінде осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірленеді.
21. Перспективалық жұмыс жоспарының және бір жылға (тоқсанға) арналған жұмыс жоспарларының жобаларын дайындау Тексеру комиссиясы мүшелерінің, аппарат басшысының ұсыныстарын ескеріп және тиісті құрылымдық бөлімшелерді оларды әзірлеуге тарта отырып, Тексеру комиссиясының жауапты мүшесінің жалпы басшылық етуімен жоспарлау, талдау және есептілік бөлімімен(бұдан әрі - талдау бөлімі) жүзеге асырылады. 
22. Жұмыс жоспарларын бекіту туралы бұйрықтардың жобалары Тексеру комиссиясының төрағасына келесі мерзімдерде: бір жылға – жоспарланатын кезеңнің басталуына дейін 10 күн бұрын, бір тоқсанға – кезекті тоқсанның басталуына дейін 3 күн бұрын енгізіледі.
23. Жұмыс жоспарларының сақталуы аппарат басшысымен, құрылымдық бөлімшелердің басшыларыменқамтамасыз етіледі. Талдау бөлімінің басшысы ай сайын 10-нан кешіктірмей Тексеру комиссиясының төрағасын ұсынылған есептер негізінде жұмыс жоспарларын іске асыру және орындау барысы жөнінде ақпараттандырады.
 
4. Талдамалық жұмыс
 
24. Тексеру комиссиясындағы талдамалық жұмыс жергілікті бюджеттердің атқарылуы мәселелерінің жағдайын бағалау және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың және Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі мен жұмыс жоспарлары шеңберінде жүргізілетін басқа да іс-шаралардың тиімділігі мен сапасын арттыруға ықпал ететін шешімдерді қабылдауға бағытталған ұсыныстарды қалыптастыру мақсатында жүргізіледі.
         25. Өкілеттіктердіңбөлінуішеңберінде Тексеру комиссиясының мүшелері, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелердің басшылары тиісті талдамалық материалдарды тоқсан ішінде бір реттен кем емесТексеру комиссиясы төрағасының қарауына енгізеді.
 
5. Жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы
Тексеру комиссиясының есебін дайындау тәртібі
 
26. Есепті қаржы жылындағы жергілікті бюджеттіңатқарылуы туралы Тексеру комиссиясының есебі (бұдан әрі – Есеп) өзінің мазмұны бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдарының жергілікті бюджетті атқаруы туралы есебіне қорытынды болып табылады және Тексеру комиссиясымен жүргізілген мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау деректеріне, талдамалық іс-шараларға, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің есептеріне негізделеді.
27. Есепті дайындау үшін Тексеру комиссиясы төрағасының шешімімен Есепті әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын қалыптастыратын, оны дайындауға жауапты Тексеру комиссиясының мүшесі айқындалады. Жұмыс тобының құрамына тексеру комиссиясының барлық құрылымдық бөлімшелерінің басшылары енгізіледі. 
28. Есепті қалыптастыруға жауапты Тексеру комиссиясының мүшесі талдау бөлімімен бірлесе отырып, Тексеру комиссиясы төрағасының бұйрығымен бекітілетін Есептің құрылымын әзірлейді.
29. Есептің құрылымы бекітілгеннен кейін талдау бөлімі үш жұмыс күні ішінде әрбірблок бойынша (облыс, аудан, облыстық маңызы бар қала) жауапты орындаушыларды, Есепті қалыптастыру үшін жауапты Тексеру комиссиясыныңмүшелерімен бекітілетін алдын ала және түпкілікті ақпаратты ұсыну мерзімінкөрсетумен Есептіңжобасын дайындаудың жоспар-кестесінәзірлейді, .
30. Тексеру комиссиясының барлық мүшелерімен келісілген облыс бюджетінің атқарылуы туралы Есептің түпкілікті нұсқасы Тексеру комиссиясының отырысына күнтізбелік жылдың 1-ші мамырына дейін енгізіледі.
Тексеру комиссиясының барлық мүшелерімен келісілген аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы Есептің түпкілікті нұсқасы Тексеру комиссиясының отырысына күнтізбелік жылдың 15-ші сәуіріне дейін енгізіледі. 
31. Есепті бекіткеннен кейін, талдау бөлімі оны қарау және бекіту үшін:
облыс мәслихатына - күнтізбелік жылдың 20-шы мамырынан кешіктірмей;
         қалалар мен аудандардың мәслихаттарына - күнтізбелік жылдың 20-шы сәуірінен кешіктірмей;
тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдеріне ақпарат үшін енгізілуін қамтамасыз етеді.
32. Бұл ретте, жауапты лауазымды тұлғалар талдау бөлімінің қатысуымен баяндамаларды дайындайды, мұнда бюджетті атқару серпіні, есепті кезеңде аудит объектілерінде анықталған бұзушылықтар баяндалады, бұзушылықты жасауға итермелейтін себептер көрсетіледі, бюджеттік процестің басқа да мәселелері көрсетіледі.   
Кейін, баяндамалар тиісті мәслихаттың тұрақты комиссияларында Есепті талқылау кезінде депутаттар көтерген сұрақтарды ескерумен пысықталады.Облыс мәслихатына баяндаманы әзірлеу мерзімі - 15 мамыр, қалалар мен аудандар мәслихаттарына – күнтізбелік жылдың 15 сәуірі. 
33. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мәслихаттары Есепті бекіткеннен және тиісті шешім қабылданғаннан кейін, Есеп мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын басқа да құпияларды қорғау жөніндегі талаптарды ескерумен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады.
 
6. Тексеру комиссиясы жұмысының қорытындылары туралы
есептерді дайындау
 
  34. Тексеру комиссиясы жұмысының қорытындылары туралы есеп Тексеру комиссиясының есепті кезеңде жүргізген аудиторлық және талдамалық іс-шараларының қорытындысы негізінде дайындалады.
         35. Тексеру комиссиясы жұмысының қорытындылары туралы есепті дайындау талдау бөлімімен жүзеге асырылады. Ақпарат Тексеру комиссиясының мүшелерімен, аппарат басшысымен және барлық құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен келісіледі.
36. Тексеру комиссиясы жұмысының қорытындылары туралы есептің келісілген жобасы Тексеру комиссиясы төрағасының қарауына есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-нен кешіктірмей енгізіледі.
         37. Тексеру комиссиясы жұмыс қорытындылары және аудиторлық                      іс-шаралардың нәтижелері туралы ақпаратты «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне ұсынады.
 
7. Аудитті ұйымдастыру және жүргізу тәртібі
 
38. Мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу, оның нәтижелерін ресімдеу, мамандарды, аудиторлық ұйымдарды және сарапшыларды тарту «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, Жалпы және рәсімдік стандарттармен, Қағидалармен, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен және осы Регламентпен регламенттеледі.
39. Аудиторлық іс-шараны жүргізу жөніндегі мемлекеттік аудит тобының жұмысын ҚжҰЖ бөлімі (заңгер) сүйемелдейді, ол аудиторлық іс-шараны мемлекеттік аудит объектілеріне шықпай (қажет болғанда шығады) сүйемелдейді, сондай-ақ мемлекеттік аудит тобы басшысының жүргізіліп жатқан аудит мәселелері бойынша қажетті құжаттарды қоса беріліп, жазбаша сұрау салуларына бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталған жағдайда заңнаманы қолдануға қатысты жазбаша консультациялар береді
Бұл ретте консультациялар тек қойылған сұрақтар аясында және ұсынылған құжаттар көлемі шегінде беріледі.
40.  Мемлекеттік аудит тобы мемлекеттік аудит объектілерінің қызметін алдын ала зерделеуді аудиторлық іс-шараның негізгі кезеңін жүргізу басталғанға дейін кемінде екі жұмыс күні бұрын аяқтай отырып, Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесінде көзделген мерзімде жүргізеді.
40-1. Сапа бақылауы бөлімі аудиторлық іс-шараға шыққанға дейін (негізгі кезең) бір жұмыс күнінен кешіктірмей Мемлекеттік аудит туралы Заңының  8-бабына және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 17-НҚ нормативтік қаулысымен Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес Аудит жоспарының және Аудит бағдарламасының жобалары бойынша сапа бақылауын жүзеге асырады.  
41. Аудиторлық іс-шараға (негізгі кезең) шыққанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей Мемлекеттік аудит тобының жетекшісі жасап, оған мемлекеттік аудит жүргізуге, жоспарлауға, сапаны бақылауға жауапты құрылымдық бөлімшелердің басшылары бұрыштама қойған және Тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесі қол қойған Аудит жоспары Тексеру комиссиясының Төрағасына бекітуге енгізіледі
Аудиторлық іс-шараны жүргізу бағдарламасы, оны жүргізуге арналған тапсырманы және аудиторлық тапсырмаларды мемлекеттік аудит тобының қатысушылары тиісті аудитті жүргізу үшін жауапты Тексеру комиссиясының тікелей басшылығымен Қағидалардың талаптарына сәйкес сол бір мерзімде әзірлейді.
42. Тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесі тікелей мемлекеттік аудит объектісінде мемлекеттік аудитті жүргізудің (үстеме тексеруді қоспағанда) негізгі кезеңі басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік аудит объектісіне Қағидаларда көзделген нысан бойынша аудиторлық іс-шара жүргізу туралы хабарламаны жібереді.
42-1. Мемлекеттік аудиторлар күн сайын мемлекеттік аудит тобы жетекшісіне ауызша есеп беріп отырады, апта сайын соңғы жұмыс күнінің алдындағы күні қорғалған байланыс арналары арқылы Қағидалардың 17-қосымшасына сәйкес нысан бойынша есепті күнге толтырылған (жасалған) апта сайынғы есебін жіберіп отырады. Көрсетілген есеп осындай тәртіппен мәлімет үшін Тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесіне, сондай-ақ ҚжҰЖ бөліміне ұсынылады.
43. Мемлекеттік аудит тобының жетекшісі апта сайын аптаның соңғы жұмыс күні қорғалған байланыс арналары арқылы мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты бөлімшенің басшысына және Тексеру комиссиясының аудиторлық  іс-шараға жауапты мүшесіне талдау үшін Қағидалардың 17-қосымшасына сәйкес нысан бойынша есепті күнге толтырылған (жасалған) жиынтық апта сайынғы есебін ұсынып отырады.
 
8. Аудиторлық қорытындыларды, нұсқамаларды
жасау және рәсімдеу
 
44. Тексеру комиссиясы жүргізген мемлекеттік аудиттің нәтижелері бойынша Аудиторлық қорытынды ресімделеді, ол Аудиторлық есептердің негізінде жасалатын, тұжырымдар мен ұсынымдарды қамтитын және Тексеру комиссиясының қаулысымен бекітілетін құжат болып табылады.
Аудиторлық қорытындыға мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің жиынтық тізілімі, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілері қалпына келтірген және өтеген қаражат (жұмыстар, тауарлар, көрсетілетін қызметтер) жөніндегі ақпарат міндетті түрде қоса беріледі.
Жекелеген бұзушылықтарды неғұрлым толығырақ ашу үшін негізгі (талдамалық) бөлік қосымшалармен (кестелер, есептеулер, таратып жазулар) толықтырылады. Қосымшалар Аудиторлық қорытындының негізгі мәтінімен бірге біртұтас бүтінді құрайды.
Аудиторлық қорытындының және Жиынтық тізілімнің жобалары сапа бақылауы және құқықтық сараптама жүргізілген соң Тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесінің қолы қойылып, Тексеру комиссиясының отырысы өткізілгенге дейін екі жұмыс күнінен кешіктірілмей Тексеру комиссиясының отырысына дайындалу мақсатында танысу үшін негізгі мемлекеттік аудит объектісіне және басқа да мүдделі тараптарға оларға қатысы бар бөлігінде жіберіледі.
45. Қаулының, Аудиторлық қорытындының, Жиынтық тізілімнің және Нұсқаманың жобалары Қағидалардың 179-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес басқа да материалдармен, соның ішінде негізгі мемлекеттік аудит объектісі өкілінің баяндамасы (сөйлейтін сөзі) тезистерінің жобаларымен бірге Тексеру комиссиясының отырысы өткізілгенге дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей Тексеру комиссиясының Төрағасына ілеспе хатпен ұсынылады.
Жоғарыда көрсетілген құжаттардың нысанын, тәртібін және дайындау мерзімдерін сақтау үшін дербес жауапкершілік аудиторлық іс-шараға жауапты тексеру комиссиясының мүшесіне жүктеледі.  
        
9. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау материалдарын тапсыру, қабылдау және сақтау тәртібі
 
46. Мемлекеттік аудиторлар іссапардан келген күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей құжаттардың атауы мен аудиторлық іс-шараның қалған материалдарын жасақтағанға дейін жинақтау папкасында қалыптастырылатын парақ санын тізімдемеде көрсете отырып, алдын ала зерделеу нәтижелері туралы материалдардың, Өтінімге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы қызметтік жазбахаттардың, Аудит жоспарының, Аудит бағдарламасының, Аудиторлық тапсырманың, Тапсырмалардың,  Аудиторлық есептің (№ 1 дана), Тізілімнің және Аудиторлық есепке басқа да қосымшалардың түпнұсқаларын, мемлекеттік аудит объектілерінің қарсылықтарын (болған жағдайда) және олардың жауаптарын құжат айналымына жауапты құрылымдық бөлімшеге тапсырады.
Құжат айналымына жауапты құрылымдық бөлімше немесе Тексеру комиссиясының Регламентімен анықталған құрылымдық бөлімше Аудиторлық есептердің, Тізілімнің және Аудиторлық есепке басқа да қосымшалардың түпнұсқаларын, мемлекеттік аудит объектілерінің қарсылықтарын олар Тексеру комиссиясына түскен күннен бастап, үш  жұмыс күні ішінде сканерлейді, ЭҚАБЖ-да тіркейді және Тексеру комиссиясының мүшесіне, аудиторлық  іс-шараны ұйымдастыруға және жүзеге асыруға, мемлекеттік аудитті жүргізуге және сапа бақылауына жауапты  құрылымдық бөлімшелерге береді.
Аудиторлық іс-шара шеңберінде қалыптастырылған құжаттар сканерленген нұсқаларымен бірге, ТК ВАЖ-да орналастырылады.
47. Аудит материалдары араб цифрларымен реттік тәртіпте парақтың төменгі алаңында алдыңғы парақтан бастап нөмірленеді. Көлемі 180 парақтан асатын қосымшалар жеке томда жасалып, ол туралы құжатта белгі қойылады. 
48. Мемлекеттік аудит материалдарын тіркеу тігілген, нөмірленген және елтаңбалы мөрмен расталған мемлекеттік аудит материалдарын есепке алу журналында қоса берілген нысан (2 қосымша) бойынша жүзеге асырылады.  
49. Мемлекеттік аудит материалдарын тапсырудың уақтылығыжәне толықтығы үшін аудит тобының басшысы және/немесе мемлекеттік аудитті жүргізген қызметкерге жауапты болады.
50. Материалдарды қабылдағаннан кейін олардың сақталуы үшін талдау бөліміжауапты болады.
51. Аудит материалдарының түпнұсқаларын беру туралы мәліметтерді талдау бөлімінің қызметкері тігілген, нөмірленген және елтаңбалы мөрмен расталған журналда қоса берілген нысан (3-қосымша) бойынша тіркейді.  
         52. Мемлекеттік аудит материалдарын есепке алуды, сақтауды Қағидалармен регламенттелінген тәртіпте талдау бөлімі жүзеге асырады.
53. Аудит материалдарын басқа мемлекеттік органдарға, бұқаралық ақпарат құралдарына, басқа да тұлғаларға беру жазбаша сұраулар бойынша Тексеру комиссиясы төрағасының шешімімен жүзеге асырылады.
54. Аудиторлық есептер және олардың негізделген фактілері анықталған кезде мемлекеттік аудит объектілерінің қарсылықтары Тексеру комиссиясының Техникалық кеңесіне қарауына енгізіледі, оның құрамы мен ережесі Тексеру комиссиясы төрағасының бұйрығымен бекітілетін. Басқа жағдайларда қарсылықтарға мемлекеттік аудит тобы әзірлеген, тексеру комиссиясыныңжауапты мүшесі қол қойылған уәжді жауаптар беріледі.
 
10. Тексеру комиссиясының отырыстарын өткізу
 
55. Тексеру комиссиясының отырыстары Тескеру комиссиясының отырыстарын өткізудің жылдық жоспарында көзделген мерзімде жоспарланады және өткізіледі.
56. Тексеру комиссиясының отырыстарында қаралатын мәселелердің тізбесін Тексеру комиссиясының төрағасы, Тексеру комиссиясы мүшелерінің ұсыныстары негізінде айқындайды.
57. Тексеру комиссиясының отырысы, егер оған Тексеру комиссиясы мүшелерінің жартысынан астамы қатысса заңды деп есептеледі.
Тексеру комиссиясының отырысында мәселелерді қарау нәтижелері бойынша шешім дауыс беру жолымен қабылданады.
Дауыс берудің нәтижелері Тексеру комиссиясымүшелерінің көпшілік даусымен айқындалады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
58. Бірлескен аудитті жүргізген жағдайда отырысқа аудитке қатысқан бақылау органдарының өкілдері қатысады.
59. Заңнамада белгіленген жағдайларды қоспағанда Тексеру комиссиясының отырыстары ашық болып табылады және мемлекеттік немесе ресми тілдерінде жүргізіледі. Тексеру комиссиясының алдағы уақытта өтетін отырыстары туралы анонс Тексеру комиссиясының интернет-ресурсындаоны өткізгенге дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмейорналастырылады.
60. Отырысты дайындау кезінде аудиторлық іс-шараны жүргізуге жауапты тексеру комиссиясының мүшесі аппарат басшысымен бірлесе отырып, Тексеру комиссиясының отырысына қатысушылар тізімін айқындайды және аталған отырысқа материалдарды дайындауды жүзеге асырады.
61. Отырыстың күн тәртібін ҚжҰЖ бөлімі отырысты өткізгенге дейін кемінде екі күн мерзімінде мүдделі лауазымдық тұлғалардың назарына жеткізеді.  
         62. Талқылаған кезде аудит объектілері өкілдерінің қатысуын талап етпейтін мемлекеттік аудит материалдары бойынша отырыстар олардың қатысуынсыз өткізілуі мүмкін.
63. Құпиямәліметтерді қамтитын мемлекеттік аудит материалдары талқыланатын отырыстар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы                14 наурыздағы № 390-16с қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындақұпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықтың талаптарын сақтай отырып өткізіледі.
64. Құпияға жатқызылатын мәліметтерді қамтитын мәселелер ерекше тәртіппен қарастырылады.         
65. Тексеру комиссиясының отырысын өткізу үшін отырыс залын дайындауды ҚжҰЖ бөлімі жүзеге асырады.
66. Құпияға жатқызылатын мәліметтерді қамтитын мәселелерді қарау кезінде бейне және фотоаппаратураны, ұялы телефондарды және өзге де дыбыс жазу құралдарын қолдануға жол берілмейді. Жергілікті желілер мен дербес компьютерлер ажыратылады.
67. Тексеру комиссиясының отырысына шығарылатын мәселелер бойынша материалдар мыналарды қамтиды:
1) ҚжҰЖ бөлімі жасайтын отырыстың күн тәртібі;
2) мемлекеттік аудит материалдары (аудиторлық іс-шараға жауапты тексеру комиссиясы мүшесінің қолы қойылған аудиторлық қорытындының жобасы, жиынтық тізілім);
3) Тексеру комиссиясының отырысына шақырылғандардыңтізімі;
4) аудиторлық іс-шараға жауапты тексеру комиссиясының мүшесі бұрыштама қойған қаулының жобасын;
5) аудиторлық іс-шараға жауапты құрылымдық бөлімшен әзірлейтін отырыстың қорытындысы бойынша баспасөз хабарламасы;
6) тексеру комиссиясы мүшесінің тезистік баяндамасы;
7) Тексеру комиссиясы мүшесінің ілеспе хаты.
Қаулылардың, аудиторлық қорытындылардың және нұсқамалардың жобалары ҚжҰЖ бөліміне Word форматтағы файлдарда келесі параметрлерді сақтай отырып ұсынылады:
1) құжатты ресімдеу стилі – әдеттегідей;
2) беттің жиектері – жоғарғы, төменгі және сол жағы - 2,5 см, оң жағы - 1,5 см, колонтитулсыз;
3) бетке нөмір парақтың жоғарғы жағынан ортасына қойылады, бірінші бетке нөмір қойылмайды;
4) қаріп - «ТimesNewRoman», мөлшері - 14;
5) абзацты ресімдеу: бірінші жолдың шегінісі – 1,27 см, жоларалық интервал – жалқы, сол және оң жақтағы шегініс – 0 см, мәтінді теңестіру - көлденеңінен, тақырып – ортасында;
6) тізімді ресімдеу: тізімді нөмірлеу қолмен жазылады, нөмірдің орналасуы сол жағынан – 1,5 см, мәтіннің орналасуы – шегініс 0 см.
68. Аудиторлық қорытындының, Жиынтық тізілімнің және Нұсқаманың жобалары осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес басқа да материалдармен, соның ішінде негізгі мемлекеттік аудит объектісі (болған жағдайда) өкілінің баяндамасы (сөйлейтін сөзі) тезистерінің жобаларымен бірге Тексеру комиссиясының отырысы өткізілгенге дейін 1 жұмыс күнінен кешіктірілмей  ҚжҰЖбөліміне ілеспе хатпен ұсынылады.
69. Тексеру комиссиясы төрағасының тапсырмасы бойынша отырыс шұғыл тәртіпте өткізілген жағдайда, отырысқа арналған материалдар қысқартылған нұсқасында дайындалып, Тексеру комиссиясының мүшесімен оны өткізу күні енгізіледі.
70. Тексеру комиссиясының отырысында мәселелерді қараудың нәтижелері бойынша шешім ашық дауыс беру жолымен қабылданады. Егер шешімге отырысқа қатысушылар санынан Тексеру комиссиясы мүшелерінің жартысынан астамы дауыс берсе, шешім қабылданған болып саналады. Дауыстар тең болған кезде төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.
71. Отырысқа шығарылған мәселені талқылаған кезде Тексеру комиссиясының мүшелері ерекше пікірін білдіре алады, ол жазбаша түрде ресімделіп, отырыстың хаттамасына қоса беріледі.
72. Тексеру комиссиясының отырысын өткізу кезінде хаттама жүргізіледі. Оны ресімдеу үшін ҚжҰЖ бөлімінің қызметкерлері қатарынан хатшы тағайындалады. Хаттамада талқыланған мәселелердің мән-жайы, қатысқан тұлғалардың тізімі, баяндамашылар мен талқылауға шығарылған мәселелер бойынша сөз сөйлеушілер, отырыста қабылданған шешімдер қамтылады. Қажет болған жағдайда, Тексеру комиссиясы отырысының аудио және бейне жазбалары жүргізілуі мүмкін, кейіннен отырыстың хаттамасына қоса тіркелетін олардың фонограммалары толық жазылып, басып шығарылады. Тексеру комиссиясы отырысының хаттамасы ол өткізілген күннен бастап үш күндік мерзімде жасалады.
73. Тексеру комиссиясы отырыстарының хаттамаларына Тексеру комиссиясы мүшелерінің, аппарат басшысының бұрыштамасы және отырыста төрағалық етушінің қолы қойылады.
74. Тексеру комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша,  жобалары жауапты Тексеру комиссиясының мүшелерімен дайындалатын тиісті қаулылар қабылданады.
Қағидалардың 193-тармағына сәйкес аудиторлық қорытындыны толық көлемде немесе одан үзіндіні облыстың (облыстық маңызды қаланың, ауданның) жергілікті атқарушы органына және құқық қорғау органдарына беру туралы шешім алқа болып қабылданып, қаулыда көрсетіледі.
75. Аудиторлық іс-шараның нәтижелерін қарау бойынша отырыстарды өткізу қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясының интернет-ресурсына сәйкесінше баспа сөз-релизіорналастырылады.
 
11. Тексеру комиссиясының шешімдерін ресімдеу тәртібі
 
76. Тексеру комиссиясының отырыстарында қабылданған шешімдер тиісті қаулылармен ресімделеді.
77. Тексеру комиссиясы отырысының әрбір қаулысы мен хаттамасына күнтізбелік жылдың басынан бастап реттік нөмір беріледі.
78. Тексеру комиссиясының қабылдаған шешімдерінің, аудиторлық қорытындылардың және нұсқамалардың расталған көшірмелері ҚжҰЖ бөлімімен аудиторлық іс-шараны жүргізуге немесе отырысқа шығарылған мәселені пысықтауға жауапты Тексеру комиссиясының мүшесі бекіткен таратуға сәйкес таратылады. Тексеру комиссиясы қаулыларының қосымша даналары қажет болған жағдайда, Тексеру комиссиясы төрағасының жазбаша рұқсатымен беріледі.
79. Мемлекеттік аудит объектілеріне ұсынымдарды орындау және бұзушылықтарды жою үшін Аудиторлық қорытындыны қоса бере отырып, Тексеру комиссиясының нұсқамалары жіберіледі.
80. Қаулылар және аудиторлық қорытындылар облыс әкіміне, аудандар (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдеріне, тиісті мәслихатқа жолдануы мүмкін.
Мемлекеттік және қызметтік құпияны, сондай-ақ шектеулі таралымды қызметтік ақпаратты (қызмет бабында пайдалану үшін) қамтымайтын Тексеру комиссиясының құжаттары қажеттілігіне қарай Тексеру комиссиясының Интернет-ресурсында орналастырылуы мүмкін.
 
12. Аудиторлық қорытындыда және нұсқамаларда қамтылған ұсынымдардың орындалуына мониторингті жүзеге асыру
 
81. Аудиторлық қорытындыда, Тексеру комиссиясының нұсқамалардың тармақтарында қамтылған ұсынымдарды бақылауға қою, олардың орындалуына мониторингті жүзеге асыру Қағидалармен белгіленген тәртіпте және мерзімде талдау бөлімімен жүзеге асырылады.
82. ҚжҰЖ бөлімі Қағидалармен белгіленген тәртіпте және мерзімде жіберілген аудиторлық іс-шаралар материалдарын құқық қорғау және уәкілетті органдардың қарау нәтижелеріне мониторингті жүргізеді.
83. Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша талдау бөлімі ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 5-нен кешіктірмей Аудиторлық қорытындыда және Тексеру комиссиясы Нұсқамаларының тармақтарында қамтылған ұсынымдарды іске асыру барысына жүргізілген мониторинг нәтижелерін төрағаға хабарлайды.
84. Сапа бақылауы бөлімі жартыжылдықтың қорытындылары бойынша, есепті кезеңнен кейінгі екінші айының 20 күнінен кешіктірмей, Тексеру комиссиясының төрағасына аудиторлық іс-шаралар материалдарына жүргізілген сапа бақылауының нәтижелері туралы,  сондай-ақ талдаудың қорытындылары бойынша Тексеру комиссиясының Аудиторлық қорытындыларында, Қаулыларында (Нұсқамаларында) қамтылған ұсынымдардың орындалу сапасы жөнінде жинақталып қорытылған ақпаратты ұсынады.
85. Аудиторлық іс-шараға жауапты тексеру комиссиясының мүшесі аудит тобының басшысымен бірлесіп, мемлекеттік аудиттің қорытындылары бойынша қабылданған аудиторлық қорытындыда және нұсқамаларда қамтылған тұжырымдар мен ұсынымдарды іске асыру бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің уақтылы және толық орындауына талдауды және мониторингті тұрақты және жүйелі негізде жүзеге асырады.
Аудиторлық қорытындыдағы, Тексеру комиссиясының нұсқамаларындағы ұсынымдардың уақтылы, толық орындалуына және талдау жүргізу жауаптылығы аудиторлық іс-шараға жауапты тексеру комиссиясының мүшесіне жүктеледі.
86. Сапа бақылауы бөлімі мемлекеттік аудит объектілерінің Аудиторлық қорытындыда қамтылған ұсынымдардың және Нұсқама тармақтарының орындауына Қағидалардың 229-тармағымен белгіленген тәртіппен және мерзімдерде сапа бақылауын жүргізеді.
87. Сапа бақылауы бөлімінің сараптамалық қорытындысының негізінде Тексеру комиссиясының мүшесі Қағидалардың 229, 229-1-тармақтарымен көзделген тәртіппен және мерзімдерде ұсынымдар мен нұсқамалардың орындалу нәтижелері немесе аудит объектісінен және өзге де мүдделі адамдардан қосымша ақпараттар алу қажеттігі жөнінде Төрағаның атына қызметтік жазба енгізеді.
88. Тексеру комиссиясының төрағасы аудиторлық іс-шараға жауапты тексеру комиссиясы мүшесінің Сапа бақылауы бөлімімен келісілген қызметтік жазбасы негізінде Аудиторлық қорытындыда қамтылған ұсынымдарды және Нұсқама, Қаулы тармақтарын орындау мерзімдерін ұзарту туралы шешім қабылдайды.
 
13.  «Тексеру комиссиясы» ақпараттық жүйесінің жұмыс
істеуін қамтамасыз ету
 
89. «Тексеру комиссиясы» ақпараттық жүйесі – тексеру комиссиясының аудиторлық қызметін ұйымдастыруға, аудиторлық іс-шараларды жүргізуге, аудит нәтижелерін қорытындылауға, талдауға және т.б. арналған жүйе.  
90. «Тәуекелдерді талдау» модулі тәуекелдер туралы мәліметтерді жүргізуге, деректерді талдау үшін тәуекелдердің мәнін сандық және сапалы бағалауға арналған және бөліммен жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірмей әзірленеді.
91. «Жоспарлау» модулінде тексеру комиссиясының мүшелері және талдау бөлімі жұмыстарын жүзеге асырады. Көрсетілген кіші жүйеде тексеру комиссиясының мүшелері қалыптастырған аудиторлық іс-шараны жүргізуге Өтінім келісілгеннен кейін (бұдан әрі - өтінім), талдау бөлімі бір жылға және бір тоқсанға арналған мемлекеттік аудиттің тиісті тізбелері (бұдан әрі – Тізбе) қалыптастырылады. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды қалыптастыру Қағидалармен белгіленген мерзімде жүзеге асырылады.
Ағымдағы жылғы Тізбеге өзгерістерді енгізу өзектендірілген өтінімді толтырумен қоса тексеру комиссиясының жауапты мүшесінің қызметтік жазбасының негізінде жүзеге асырылады.
92. «Бақылаушы» модулі «Сапаны бағалауды есепкере отырып,  аудиторлық іс-шараның қорытындысын, сондай-ақ бұзушылықтар мен кемшіліктердің дерекқорын дайындау, жүргізу, қалыптастыру және қорытындылау» процесі шеңберінде функцияларды орындау кезінде пайдаланушылардың жұмысына қолдау көрсетуге арналған. Аудиторлар және тексеру комиссиясының мүшелері толтырады.
Аудиттің барысы туралы ақпарат, Аудитке дайындық, Аудитті жүргізу, Қорытындыларды, бұзушылықтар мен кемшіліктердің дерекқорын қалыптастыру кезеңдерін Тізбеде, Қағидаларда және осы Регламентте белгіленген мерзімде аудит тобының басшылары мен мүшелері қалыптастырады.
Қорытыларды қорытындылау, қарсылықтар және сараптамалық қорытындыларға түсінік беру кезеңдерін Тізбемен, Қағидалармен және осы Регламентпен белгіленген мерзімдерде тексеру комиссиясының мүшелері және аудит тобы
Сараптамалық қорытындыларға тұжырымдамаларды, қарсылықтарды, түсіндірмелерді дайындау барысын Тізбемен, Қағидалармен және осы Регламентпен белгіленген мерзімдерде тексеру комиссиясының мүшелері және аудит тобы қалыптастырады.
93. «Бақылау» модулі аудиторлық іс-шараларды жүргізудың сапасына бақылауды, орындаушылық тәртіпті бақылауды жүзеге асыру үшін арналған. Қағидалармен және осы Регламентпен белгіленген мерзімде ұйымдастыру бөлімі қалыптастырады.
94. «Орындауды бақылау» модулі төмендегі функцияларды орындау кезінде пайдаланушылардың жұмысына қолдау көрсетуге арналған:
Қаулының (Нұсқаманың) орындалуын бақылау нәтижелері туралы қызметтік жазбаны қалыптастыру;
Шешімдердің орындалуын мониторингтеу және бақылау;
Құқық қорғау органдарына жолданған материалдарды мониторингтеу;
Сотпен қозғалған және қарастырылған әкімшілік істерді есепке алу;
Әкімшілік құқық бұзушылықтарды есепке алу.
Көрсетілген модульдегі жұмысты тексеру комиссиясының мүшелері, аудиттің топтары, талдау бөлімі және ҚжҰЖ бөлімі Қағидалармен көзделген мерзімдерде жүзеге асырады.  
95. Нормативтік анықтамалық ақпарат (НАА) (анықтамалар) модулін тексеру комиссиясының тиісті құрылымдық бөлімшелері қалыптастырады әне жаңартады.  
96. «Тапсырмаларды басқару» модулі Тексеру комиссиясының қызметкерлері арасында жұмыстарды тиімді ұйымдастыруды және жауапкершілікті бөлуді қамтамасыз етуге арналған. Жұмысты тексеру комиссиясының барлық қызметкерлері жүзеге асырады. 
97. «Тексеру комиссиясы» АЖ модульдері деректерінің уақытылы енгізілуіне жауапкершілік әрқайсысы өз қызметінің бағыттары бойынша   дерекқорды қалыптастыру және жаңарту үшін жауапты тексеру комиссиясының мүшелеріне, құрылымдық бөлімшелердің лауазымдық тұлғаларына жүктеледі.
98. «Тексеру комиссиясы» АЖ толықтыруды және деректерді уақытылы енгізуді қамтамасыз ету бойынша шаралардың қабылдануын мониторингтеуді талдау бөлімі жүргізеді. «Тексеру комиссиясы» АЖ базасымен тиісті жұмыстың жасалмау фактілері анықталған кезде, талдау бөлімі тексеру комиссиясының төрағасына құрылымдық бөлімшелердің лауазымдық тұлғаларына қатысты шаралар қабылдау үшін тиісті ақпарат ұсынады. 
 
14. Тексеру комиссиясы төрағасының бұйрықтарын дайындау тәртібі
 
99. Тексеру комиссиясы төрағасының бұйрықтары (бұдан әрі – Бұйрықтар) шешімі Тексеру комиссиясы төрағасының жеке-дара өкімдік қызметінің шегіндегі мәселелерді регламенттеу үшін шығарылады.
100. Қажет болған жағдайда Бұйрықтардың жобасына Тексеру комиссиясының барлық мүшелерімен немесе оларды әзірлеу құзыретіне енетін Тексеру комиссиясының мүшелерімен, аппарат басшысымен, бұйрықты әзірлеуге, қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыруға  жауапты бөлім басшыларымен, мемлекеттік және орыс тілдерінде мәтіндердің түпнұсқалылығына жауапты қызметкермен бұрыштама қойылады.
101. Қол қойылғаннан кейін кадр мәселелері бойынша әкімшілік-қаржылық жұмысы және ақпараттандырубөлімінің қызметкері Бұйрықтарды тіркеуді жүзеге асырады. Бұйрықтың орындалуына жауапты Тексеру комиссиясының мүшелері мен қызметкерлері немесе бұйрықта аталғандар бұйрықтың мазмұнымен міндетті түрде танысуы тиіс.
 
15. Азаматтардың өтініштерін қарау және оларды қабылдау тәртібі
 
102. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
103. Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдаудытоқсан сайын Тексеру комиссиясы төрағасының бұйрығымен бекітілетін кестеге сәйкес Тексеру комиссиясының төрағасы және Тексеру комиссиясының мүшелері жүргізеді және алдын ала жазу бойынша аппарат басшысымен, ҚжҰЖ бөліміменұйымдастырылады.
104. Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау Тексеру комиссиясы төрағасымен айына бір рет, әр айдың үшінші дүйсенбісінде, ал айдың басқа апталарында – Тексеру комиссиясы мүшелерімен Тексеру комиссиясының ғимаратында сағат 16.00-ден сағат 18.00-ге дейін жүргізіледі.
105. Келіп-кетушілерді қабылдау кестесі мемлекеттік және орыс тілдерінде  Тексеру комиссиясының  Интернет-ресурсында, сондай-ақ көзге көрінетін орындарда орналастырылады.
         106. Азаматтарды қабылдауды есепке алу өтініш берушінің аты-жөнін, жұмыс орнын, лауазымын, мекенжайын, өтініштің қысқаша мазмұнын, тапсырманы және қараудың нәтижелерін көрсетумен журналда жүргізіледі.  Азаматтарды қабылдауды есепке алу журналын ҚжҰЖ бөлімі жүргізеді.
107. Азаматтарды қабылдау кезектілік тәртібімен жүргізіледі. Ұлы Отан соғысына қатысушылар, оларға теңестірілген тұлғалар, мүгедектер, жүкті әйелдер кезектен тыс қабылданады.
108. Қабылдауды жүзеге асыратын лауазымды тұлға келушінің қойған мәселелерін білікті шешілуні қамтамасыз ету үшін Тексеру комиссиясыныңқызметкерлерін қатыстыра алады немесе олардан қажетті консультация алуы ықтимал.
 
16. Тексеру комиссиясының ресми интернет-ресурсының жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Тексеру комиссиясы интернет-ресурсының «Сұрақ-жауап» айдарына түсетін онлайн-өтініштермен жұмыс жасау
 
109. Тексеру комиссиясының интернет ресурсы – арнайы техникалық және бағдарламалық құралдардың көмегiмен дайындалған және электрондық-цифрлық нысанда бұқаралық ақпаратты таратуға арналған Тексеру комиссиясының Интернет желісіндегі электрондық өкілдік парақшасы.  
110. Интернет-ресурстың құрылымы бекітілгеннен кейін жаңа модульдерді орналастыруды, бөлімдер мен бөлімшелерді жасауды, сондай-ақ оларды жоюды, басқа ұйымдарды тартумен ҚжҰЖ бөлімі жүзеге асырады.
111. Құрылымдық бөлімшелердің жауапты орындаушылары, оларға бекітіліп берілген тексеру комиссиясы интернет-ресурсының бөлімдеріндегі материалдардың өзектілігі мен толықтығын тұрақты негізде қадағалайды.
112. Ақпараттық материалдар интернет-ресурсқа орналастырмас бұрын тексеру комиссиясының төрағасымен келісіледі. Аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары бойынша тексеру комиссиясының жауапты мүшесі баспасөз-релизін дайындайды және төрағаның бұрыштамасымен тексеру комиссиясының интернет-ресурсында Қағидаларға сәйкес одан әрі орналастыру үшін ҚжҰЖ бөліміне жолданады.   
113. Мемлекеттік сатып алуға қатысты ақпарат Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген тәртіппен интернет-ресурста орналастырылады.
114. Тексеру комиссиясының интернет-ресурсына онлайн-өтініш түскен кезде ҚжҰЖ бөлімі Төрағаны таныстырады, ол осы өтініш жауабының жобасын дайындау үшін жауапты құрылымдық бөлімшені айқындайды.
1       115. Жауапты ретінде айқындалған құрылымдық бөлімше жауаптың жобасын әзірлеп, орындаушыға түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оны төрағаның қарауына енгізеді.
Жауаптың жобасы мақұлданған жағдайда, жауапты құрылымдық бөлімшенің бұрыштама қойылған қызметтік жазбасы ҚжҰЖ бөліміне тексеру комиссиясының интернет-ресурсына орналастыру үшін беріледі.
 
17. Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау
 
116. Тексеру комиссиясы және жүргізілген аудиторлық іс-шараның нәтижелері туралы мәліметтерге қатысы бар оның қызметкерлері туралы жарияланымдар мәніне БАҚ-қа мониторинг жүргізу, қызмет туралы жалпы ақпарат және басқалараппарат басшысымен жүзеге асырылады.
117. Мемлекеттік саясатты жүргізумен, тексеру комиссиясының қызметіне байланысты емес мәселелер бойынша мемлекеттік органның атынан тексеру комиссиясы қызметкерлерінің жарияланымына жол берілмейді. Педагогикалық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметі бойынша материалдарды жариялау қызметкердің жеке тұлға ретінде өз атынан ғана жүзеге асырылады. 
118. Бұқаралық ақпарат құралдарына ақпаратты ұсыну Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» және «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңдарының талаптарын сақтай отырып, тиісті сұрауларорын алған жағдайда жүзеге асырылады.
 
18. Құжаттардың орындалуына бақылауды ұйымдастыру тәртібі
               
119. Бақылау құжаттарының уақытылы және сапалы орындалуына жауаптылық олар орындалуға жіберілген бөлім басшыларына жүктеледі.
120. Құжаттардың уақытылы орындалуын бақылауды және орындалған ретінде оларды бақылаудан алуды аппарат басшысы жүзеге асырады.
121. Бақылауға жататын құжаттарды орындауды басқа мекенжайға беру Тексеру комиссиясы төрғасының шешімімен ҚжҰЖ бөліміне міндетті түрде хабарлаумен жүзеге асады.
122. Егер бақылауға жататын құжаттың орындау мерзімі көрсетілмесе, онда ол құжатты орындау мерзімі Тексеру комиссиясында тіркелген күннен бастап бір айдан аспауы керек. «Шұғыл» белгісі бар құжаттарды орындау мерзімі – 3 күн.
123. Егер түскен құжаттарда тапсырма бірнеше Тексеру комиссиясының мүшесіне немесе бөлімге берілген жағдайда, онда оны орындау жауапкершілігі тапсырмада бірінші көрсетілген тұлғаға жүктеледі. Қалған орындаушылар орындау мерзімі аяқталғанға дейін үш күн бұрын өз ұсыныстарын бірінші орындаушыға жинақтау, жауап дайындау, тапсырманы аяқтау нысанына немесе орындау мерзімін ұзартуға сәйкес бақылаудан алу үшін жолдайды.
124. Орындау үшін жауаптының, қосымша жауаптының және бөлім басшысының бұрыштамалары қойылған бақылау тапсырмасы бойынша түпкілікті жауапты орындаушы Тексеру комиссиясы төрағасының қарауына құжаттарды орындау мерзімі үш күнге дейін белгіленген жағдайларды қоспағанда, белгіленген мерзімнен екі күн бұрын ұсынады.
125. Мемлекеттік органдарға электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі арқылы (ЭҚАБЖ) жіберілетін барлық шығыс корреспонденция Тексеру комиссиясының ресми бланкінде ресімделеді.
126. ҚжҰЖ бөлімі орындау мерзімі аяқталғанға дейін үш күн бұрын бөлімдерге бақылауда тұрған құжаттарды орындау мерзімінің аяқталуы туралы, сондай-ақ орындау мерзімі аяқталған құжаттар тізбесін хабарлайды.
 
19. Бланкілер және құжаттарға қол қою құқығы
 
127. Тексеру комиссиясында стандарттарғасәйкес әзірленген және қатаң есепке алу бланкілері болып табылатын фирмалық бланкілер,қаулылардың, бұйрықтардыңбланкілері, аудиторлық есептердің бланкілері бар.
128. Қатаң есепке алу бланкілерін есепке алуды және беруді ҚжҰЖбөлімі жүзеге асырады.
129. Фирмалық бланкілерге Тексеру комиссиясының төрағасы және Тексеру комиссиясының мүшелері, ал аудиторлық есептің бланкілеріне мемлекеттік аудитті жүзеге асырған Тексеру комиссиясының қызметкерлері қол қоюға құқылы.
Фирмалық бланкілерге қол қою құқығы бар тұлғалар қол қойылған құжаттар үшін дербес жауап береді.
130. Тексеру комиссиясы төрағасының сәйкес шешімінсіз аудиторлық есептердің көшірмелерін жасауға тыйым салынады.
 
20. Тексеру комиссиясының жұмыс тәртібі
 
131. Тексеру комиссиясының жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.
132.  Тексеру комиссиясында мынадай жұмыс режимі белгіленеді:
жұмыстың басталу уақыты - 9 сағат 00 минут;
жұмыстың аяқталу уақыты – 18сағат 30 минут;
түскі үзіліс - 13 сағат 00 минуттан 14сағат 30 минутқадейін;
жұмыс аптасының ұзақтығы - 5 күн (40 сағат).
133. Тексеру комиссиясының жұмысына ықпалын тигізетін кезек күттірмейтін және алдын ала күтілмеген жұмыстарды орындау үшінжекелегенқызметкерлер Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес төлемақының төленуімен, демалыс және мереке күндері жұмысқа тартылуы мүмкін.
134. Қызметкерге еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жұмыста болмауына Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 183 бұйрығымен бекітілген Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру қағидаларымен көзделген тәртіппен еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы парағы және (немесе) анықтамасы болған кезде жол беріледі.
135. Дәлелді себептері болған кезде қызметкерге бір жұмыс күні ішінде қатарынан үш және одан да көп сағатқа дейін жұмыс орнында болмауы келісілуі мүмкін. Тиісті қызметкердің өтінішхаты бойынша жұмыста болмауды келісімдеу және дәлелді себепті мойындау жүзеге асырылады:
тексеру комиссиясының төрағасы – тексеру комиссиясының мүшелеріне, аппарат басшысына және бөлім басшыларына қатысты;
бөлім басшылары – персоналды басқару қызметін хабарландырумен, бөлім қызметкерлеріне қатысты жүзеге асырылады.
136. Тексеру комиссиясының қызметкерлері аудит объектілерінде іссапарда болған кезде бақылау объектілеріндегі аталмыш мәселені аудит тобының басшысы кейіннен аппарат басшысын, бөлім басшысын, тексеру комиссиясының мүшесін, персоналды басқару қызметін хабардар ете отырып бақылау тобы басшысының рұқсатымен шешеді.
137. Еңбек тәртібінің сақталуын күнделікті бақылау жұмыс уақытын есепке алу табелін жүргізетін персоналды басқару қызметінің қызметкерімен жүзеге асырылады.
138. Күнделікті ақпарат негізінде осы қызметкермен жұмыс уақытын есепке алу табелі толтырылады, Тексеру комиссиясының төрағасы бекіткеннен кейін ол қаржылық және кадр жұмысы бөлімінің қызметкеріне ағымдағы айдың 23-нен кешіктірмей тапсырылады.
 
21. Қорытынды ережелер
 
139. Тексеру комиссиясының төрағасы қызметі тиісті ережемен және бұйрықпен айқындалатын консультативтік-кеңес және сараптаукомиссияларын(кеңестер) құруға құқылы.
140. Тексеру комиссиясының бөлімдері арасында ұйымдастырушылық сипаттағы келіспеушіліктер пайда болған жағдайда оларды Тексеру комиссиясының төрағасы шешеді.
Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті - Елбасы
Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан Республикасының Президенті
Құрманова
Айнагүл Амангелдіқызы
Павлодар облысы бойынша
тексеру комиссиясының
төрағасы
Сұрақ қою