Сұрау
Бюджет қаражатын шығыстау аясындағы жалпы жағдайды қалай бағалайсыз
дауыс беру
Все опросы
Тереңкөл ауданының аумағын дамыту бағдарламасының іске асырылуына, салықтық әкімшілендіруге, бюджет процесіне қатысушылардың жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалануына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары туралы баспасөз
30-11-2021 17:25

2021 жылғы 29 қарашада Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында Тереңкөл ауданының аумағын дамыту бағдарламасының іске асырылуына, салықтық әкімшілендіруге, бюджет процесіне қатысушылардың жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалануына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары мемлекеттік аудит объектілері басшыларының, сондай-ақ Тереңкөл ауданының мәслихаты депутатының, «Nur Otan» партиясы Павлодар облыстық филиалының партиялық бақылау инспекторының қатысуымен онлайн режимінде қаралды.

Мемлекеттік аудит нәтижелері жөніндегі ақпаратпен тексеру комиссиясының мүшесі Б.С. Демеуов сөз сөйледі.

Мемлекеттік аудитпен 13 объект, соның ішінде 2 үстеме тексеру қамтылды. Мемлекеттік аудитпен қамтылған бюджет қаражатының көлемі 9 333 190,7 мың теңгені құрады.

1. Анықталған қаржылық бұзушылықтар сомасы – 2 329 758,3 мың теңге:

1) бюджет қаражаты мен активтерді пайдалану кезінде бюджет заңнамасының және өзге де заңнаманың бұзылуы - 1 793 453,1 мың теңге;

2) бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау кезіндегі заңнаманың бұзылуы - 517 643,3 мың теңге;

3) бюджетке түскен кезде - 18 661,9 мың теңге.

2. Қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасынан өтелуге (қалпына келтірілуге) жататыны 2 329 758,3 мың теңге, соның ішінде:

бюджетке өтелуге жатаныны – 122 609,7 мың теңге;

қалпына келтірілуге жататыны – 2 207 148,6 мың теңге.

3. Тиімсіз жоспарланған бюджет қаражатының (активтерінің) сомасы - 692 138,1 мың теңге.

4. Тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражатының (активтерінің) сомасы - 130 957,8 мың теңге.

Саны 209 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар, 7 бірлік жүйелі проблемалар мен кемшіліктер анықталды.

Аудит барысында және кейінгі шаралармен мемлекеттік аудит объектілерімен өтелгені - 3 744,0 мың теңге, қалпына келтірілгені - 51 265,1 мың теңге.

Өтелуге жататын соманың қалдығы – 118 865,7 мың теңге, қалпына келтіруге жататын - 2 155 883,5 мың теңге.

Отырыс қорытындысы бойынша тексеру комиссиясының қаулысымен Аудиторлық қорытынды бекітілді, аудит объектілеріне Қазақстан Республикасы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын және (немесе) оларға итермелейтін себептерді (жағдайларды) жою туралы нұсқамалар жіберілді.

Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті - Елбасы
Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан Республикасының Президенті
Павлодар облысы бойынша
тексеру комиссиясының
төрағасы
Сұрақ қою
Опросник