Сұрау
Бюджет қаражатын шығыстау аясындағы жалпы жағдайды қалай бағалайсыз
дауыс беру
Все опросы
Баянауыл ауданының аумағын дамыту бағдарламасының іске асырылуына, салықтық әкімшілендіруге, бюджет процесіне қатысушылардың жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалануына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары туралы баспасөз-
22-10-2021 17:01

2021 жылғы 20 қазанда Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында Баянауыл ауданының аумағын дамыту бағдарламасының іске асырылуына, салықтық әкімшілендіруге, бюджет процесіне қатысушылардың жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалануынажүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындыларымемлекеттік аудит объектілері басшыларының, сондай-ақ Баянауыл ауданы мәслихаты депутатының, «Nur Otan» партиясы Павлодар облыстық филиалының партиялық бақылау инспекторының қатысуымен онлайн режимінде қаралды.

Мемлекеттік аудит нәтижелері жөніндегі ақпаратпен тексеру комиссиясының мүшесі Р.У. Оралов сөз сөйледі.

Мемлекеттік аудитпен 13 объект, соның ішінде 2 үстеме тексеру қамтылды, мемлекеттік аудитпен қамтылған бюджет қаражатының және активтердің көлемі 14 419 623,6 мың теңгені құрады.

Анықталған қаржылық бұзушылықтардың сомасы - 1 510 492,3 мың теңге (бюджет қаражатын және активтерді пайдалану кезінде бюджет заңнамасының және өзге де заңнаманың бұзылуы - 76 743,2 мың теңге, бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау кезіндегі заңнаманың бұзылуы - 1 431 650,6 мың теңге, бюджетке түскен кезде - 2098,5 мың теңге). Бюджет шығындары 95,2 мың теңгені құрады.

Қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасынан 1 510 492,3 мың теңге өтелуге (қалпына келтірілуге) жатады, соның ішінде бюджетке өтелуге жататыны - 24 086,6 мың теңге, қалпына келтірілуге жататыны - 1 486 405,7 мың теңге.

Тиімсіз жоспарланған бюджет қаражатының (активтердің) сомасы - 270 593,7 мың теңге.

Тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражатының (активтердің) сомасы - 122 804,5 мың теңге.

Саны 121 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар, сондай-ақ саны 19 бірлік жүйелі бұзушылықтар анықталды.

Аудит барысында және кейінгі шаралармен мемлекеттік аудит объектілерімен өтелгені - 2 809,6 мың теңге, қалпына келтірілгені - 254 650,6мың теңге.

Өтелуге жататын соманың қалдығы – 21277,0 мың теңге, қалпына келтіруге жататын - 1 231 755,1мың теңге.

Отырыс қорытындысы бойынша тексеру комиссиясының қаулысымен Аудиторлық қорытынды бекітілді, аудит объектілеріне Қазақстан Республикасы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын және (немесе) оларға итермелейтін себептерді (жағдайларды) жою туралы нұсқамалар жіберілді.

Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті - Елбасы
Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан Республикасының Президенті
Павлодар облысы бойынша
тексеру комиссиясының
төрағасы
Сұрақ қою
Опросник