Сұрау
Бюджет қаражатын шығыстау аясындағы жалпы жағдайды қалай бағалайсыз
дауыс беру
Все опросы
Тілдерді және мәдениетті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары туралы баспасөз-релизі
22-10-2021 11:47

2021 жылғы 20 қазанда Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында тілдерді және мәдениетті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігінежүргізілген мемлекеттік аудиттіңқорытындыларымемлекеттік аудит объектілері  басшыларының, сондай-ақ облыстың қалалары мен аудандарының мәслихаты хатшыларының және депуттарының, «Nur Otan» партиясы Павлодар облыстық филиалының партиялық бақылау инспекторының қатысуымен онлайн режимінде қаралды.

Мемлекеттік аудит нәтижелері жөніндегі ақпаратпен тексеру комиссиясының мүшесі Р.У. Оралов сөз сөйледі.

Осы мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 6 607 232,6 мың теңгеге қаражат көлемімен 16 объект қамтылды.

Мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша жалпы сомасы 1 040 007,1 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды (оның ішінде: қалпына келтірілуге жататыны 1 007 293,3 мың теңге, өтелуге жататыны 32 713,8 мың теңге), бюджет қаражатының (активтердің) тиімсіз пайдаланылу сомасы – 29 391,3 мың теңге, 147 рәсімдік сипаттағы бұзушылық, 5 жүйелік проблемалар мен кемшіліктер анықталды. Аудиторлық іс-шара барысында 9 099,6 мың теңге өтелді.

Отырыс қорытындысы бойынша тексеру комиссиясының қаулысымен Аудиторлық қорытынды бекітілді, аудит объектілеріне Қазақстан Республикасы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын және (немесе) оларға итермелейтін себептерді (жағдайларды) жою туралы нұсқамалар жіберілді.

Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті - Елбасы
Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан Республикасының Президенті
Павлодар облысы бойынша
тексеру комиссиясының
төрағасы
Сұрақ қою
Опросник