Сұрау
Бюджет қаражатын шығыстау аясындағы жалпы жағдайды қалай бағалайсыз
дауыс беру
Все опросы
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі «Халықты сапалы ауыз сумен және су бұру қызметтерімен ұтымды қамтамасыз ету» мемлекеттік бағдарламасының және Тұрғын үй-коммуналдық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының мінде
01-09-2021 10:38

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі «Халықты сапалы

ауыз сумен және су бұру қызметтерімен ұтымды қамтамасыз ету» мемлекеттік бағдарламасының және Тұрғын үй-коммуналдық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының міндетін іске асыру шеңберінде су ресурстарын басқару және халықты ауыз суға қолжетімділігі тиімділігіне

жүргізілген мемлекеттік аудиттіңқорытындылары туралы

баспасөз-релизі

 

 

2021 жылғы 31 тамызда Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі «Халықты сапалы ауыз сумен және су бұру қызметтерімен ұтымды қамтамасыз ету» мемлекеттік бағдарламасының және Тұрғын үй-коммуналдық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының міндетін іске асыру шеңберінде су ресурстарын басқару және халықты ауыз суға қолжетімділігі тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттіңқорытындыларымемлекеттік және жеке ұйымдар басшыларының, сондай-ақ облыстық мәслихат, облыстың қалалары мен аудандарының мәслихаты депуттарының, облыстың қалалары мен аудандарының әкімдері орынбасарларының, «Nur Otan» партиясы Павлодар облыстық филиалының өкілінің қатысуымен онлайн режимінде қаралды.

Мемлекеттік аудит нәтижелері жөніндегі ақпаратпен тексеру комиссиясының мүшесі Б.С. Демеуов сөз сөйледі.

Мемлекеттік аудитпен 13 объект қамтылды, мемлекеттік аудитпен қамтылған бюджет қаражатының және активтердің көлемі 65 614 946,0 мың теңгені құрады.

Мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша жалпы сомасы 4 230 361,1 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды (оның ішінде: қалпына келтірілуге жататыны 4 230 361,1 мың теңге), бюджет қаражатының (активтердің) тиімсіз пайдалану сомасы – 3 345 495,1 мың теңге, 43 рәсімдік сипаттағы бұзушылық, 20 жүйелі проблемалар мен кемшіліктер. Аудиторлық іс-шара барысында 4 065 264,6 мың теңге қалпына келтірілді.

          Отырыс қорытындысы бойынша тексеру комиссиясының қаулысымен Аудиторлық қорытынды бекітілді, аудит объектілеріне Қазақстан Республикасы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын және (немесе) оларға итермелейтін себептерді (жағдайларды) жою туралы нұсқамалар жіберілді.

Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті - Елбасы
Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан Республикасының Президенті
Павлодар облысы бойынша
тексеру комиссиясының
төрағасы
Сұрақ қою
Опросник