Сұрау
Бюджет қаражатын шығыстау аясындағы жалпы жағдайды қалай бағалайсыз
дауыс беру
Төтенше жағдайдың және карантиндік шектеулердің күшінде болу кезеңінде короновирус инфекциясымен күресті қамтамасыз ету үшін «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-ге бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігінің бағалауына жүргізі
05-10-2020 19:56
Төтенше жағдайдың және карантиндік шектеулердің күшінде  болу кезеңінде короновирус инфекциясымен күресті қамтамасыз  ету үшін «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-ге бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігінің  бағалауына жүргізі
  2020 жылғы 2 қазанда Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында Төтенше жағдайдың және карантиндік шектеулердің күшінде болу кезеңінде короновирус инфекциясымен күресті қамтамасыз ету үшін «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-ге бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігінің бағалауына жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары қаралды.
  Отырыс облыстық мәслихаттың депутаты, экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы А.В. Бойчиннің, облыстық мәслихаттың депутаты, әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі А.И. Оспанованың, облыстық мәслихаттың депутаты, экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі С.В. Сыздықовтың, «Нұр Отан» партиясының өкілі, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілерінің және уәкілетті мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының қатысуымен бейнеконференцбайланыс арқылы өткізілді.
  Мемлекеттік аудитпен 5 объект қамтылды, мемлекеттік аудитпен қамтылған бюджет қаражатының және активтердің көлемі 1 746 217,6 мың теңгені құрады.
  Қалпына келтіруге жататын анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы 147012,0 мың теңгені құрады.
  Тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражатының (активтердің) сомасы 1 351,5 мың теңгені құрады.
  Одан басқа, саны 7 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар, 1 жағдайда жүйелі проблемалар мен кемшіліктер  анықталды.
  Отырыстың қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясының қаулысымен аудиторлық қорытынды бекітілді, мемлекеттік аудит объектілеріне анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларға ықпал ететін себептерді, жағдайларды жою, сондай-ақ осы бұзушылықтарға жол берген тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылық шараларын қабылдау үшін нұсқамалар жіберілді.
Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті - Елбасы
Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан Республикасының Президенті
Құрманова
Айнагүл Амангелдіқызы
Павлодар облысы бойынша
тексеру комиссиясының
төрағасы
Сұрақ қою