Сұрау
Бюджет қаражатын шығыстау аясындағы жалпы жағдайды қалай бағалайсыз
дауыс беру
Павлодар облысында Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуына бағытталған бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне, сондай-ақ дағдарысқа қарсы шараларға бағытта
05-10-2020 19:52
Павлодар облысында Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік  кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуына бағытталған бюджет  қаражатының пайдаланылу тиімділігіне, сондай-ақ дағдарысқа қарсы шараларға бағытта
  2020 жылғы 2 қазанда Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында Павлодар облысында Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуына бағытталған бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне, сондай-ақ дағдарысқа қарсы шараларға бағытталған қаражаттың пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары қаралды.
  Отырыс облыстық мәслихаттың депутаты, аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Ж.Қ. Тұрлыбаевтың, «Атамекен» ҚР ҰКП өкілінің, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілерінің және уәкілетті мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының қатысуымен бейнеконференцбайланыс арқылы өткізілді.
  Мемлекеттік аудитпен 1 объект қамтылды, мемлекеттік аудитпен қамтылған бюджет қаражатының көлемі 31 902 696,1 мың теңгені құрады, оның ішінде дағдарысқа қарсы шараларға бағытталған сома – 6 642 935,0 мың теңге.
  Мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша бюджетке өтелуге жататын жалпы сомасы 63 158,1 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды.
Тиімсіз жоспарланған бюджет қаражатының сомасы – 3 739 661,5 мың теңге, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражатының сомасы – 25 961,5 мың теңге, 99 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар, 13 бірлік жүйелі проблемалар мен кемшіліктер  анықталды.
  Отырыстың қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясының қаулысымен аудиторлық қорытынды бекітілді, мемлекеттік аудит объектілеріне анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларға ықпал ететін себептерді, жағдайларды жою, сондай-ақ осы бұзушылықтарға жол берген тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылық шараларын қабылдау үшін Нұсқама жіберілді.
Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті - Елбасы
Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан Республикасының Президенті
Құрманова
Айнагүл Амангелдіқызы
Павлодар облысы бойынша
тексеру комиссиясының
төрағасы
Сұрақ қою