Сұрау
Бюджет қаражатын шығыстау аясындағы жалпы жағдайды қалай бағалайсыз
дауыс беру
1 октября 2020 года состоялась встреча государственных аудиторов Ревизионной комиссии по Павлодарской области с руководителем управления Департамента Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции по Павлодарской области Бекжановым Назымбеком
01-10-2020 21:33
1 октября 2020 года состоялась встреча государственных аудиторов Ревизионной комиссии по Павлодарской области с руководителем управления Департамента Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции по Павлодарской области Бекжановым Назымбеком
  «Облыстық бюджетті қалыптастыру, нақтылау және атқару кезінде төтенше жағдай барысында дағдарысқа қарсы шаралардың іске асырылуына мемлекеттік аудит жүргізу» және «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға бөлінген, соның ішінде дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру үшін бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізу» аудиторлық іс-шараларды жүргізу алдында тексеру комиссиясының төрағасы   А.А. Құрманованың төрағалығымен 2020 жылғы 1 қазанда Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясы аудиторларының Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменттің басқарма басшысы Назымбек Алпысбайұлы Бекжановпен және тексеру комиссиясының әдеп жөніндегі уәкілі Маулен Адырбайұлы Үйсінбаевпен кездесуі өтті.
  Кездесу барысында Н.А. Бекжанов қатысушылардың назарын Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамамен көзделген шектеулерге аударды, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жауаптылық шараларын айтып өтті.
  Тексеру комиссиясының әдеп жөніндегі уәкілі М.А. Үйсінбаев өз сөзінде Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін және Мемлекеттік аудиторлардың кәсіби әдеп қағидаларын сақтау міндеттемесін атап кетті.
   М.А.Үйсінбаев Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департамент өкілі  Н.А. Бекжановқа кеңеске қатысқаны үшін алғыс білдірді. 
Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті - Елбасы
Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан Республикасының Президенті
Құрманова
Айнагүл Амангелдіқызы
Павлодар облысы бойынша
тексеру комиссиясының
төрағасы
Сұрақ қою