Сұрау
Бюджет қаражатын шығыстау аясындағы жалпы жағдайды қалай бағалайсыз
дауыс беру
Успен және Шарбақты аудандарына барған жұмыс сапарының қорытындылары туралы баспасөз-релизі
11-09-2020 11:03
Успен және Шарбақты аудандарына барған  жұмыс сапарының қорытындылары туралы  баспасөз-релизі
  Ағымдағы жылғы 10 қыркүйекте Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Р.У. Оралов Успен аудандық мәслихатының хатшысы Р.К. Бечеловамен, аудан әкімінің орынбасары С.О. Жунуспаевамен және Успен аудандық қаржы бөлімінің сектор меңгерушісі А.К. Калышевпен бухгалтерлік есепті fвтоматтандыру және мемлекеттік аудит объектілері 2021 жылға арналған тізбесінің жобасына ұсыныстар енгізу мәселелері бойынша кездесу өткізді.
  Р.У. Оралов өз сөз сөйлеуінде бухгалтерлік есепті сапалы жүргізуді қамтамасыз ету, жасалатын операциялардың ашықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз ету, сондай-ақ бухгалтерлік есепті жүргізу кезінде жол берілетін қаржылық бұзушылықтарды барынша азайту бөлігінде бухгалтерлік есепті автоматтандырудың рөлін атап өтті.
  Сондай-ақ, Р.У. Оралов ағымдағы жылғы 10 қыркүйектегі жағдай бойынша Успен ауданының 28 мекемесі мен кәсіпорындарының ішінен тек 7 объектісінде 1-С Бухгалтерия бағдарламасы бар екенін атап өтті, бұл тек 25%-ды ғана құрайды. 1-С Бухгалтерия бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықтау бойынша бұл көрсеткіш облыс аудандары арасындағы ең төмен көрсеткіштердің бірі болып табылады.
  Успен ауданының қаржы бөлімімен мемлекеттік аудит объектілері тізбесінің жобасы бойынша мәселелерді талқылау барысында Успен ауданының ұйымдарында жүргізілген мемлекеттік аудит туралы ақпарат ұсынылды.
  Кездесу нәтижелері бойынша Успен аудандық мәслихатының хатшысы Р.К. Бечеловамен Успен ауданының жекелеген ұйымдарын мемлекеттік аудит объектілерінің 2021 жылға арналған тізбесіне енгізу бойынша ұсыныстар енгізілді.
  Сондай-ақ, Шарбақты ауданына барған жұмыс сапары барысында Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Р.У. Ораловпен Шарбақты аудандық мәслихатының хатшысы С.М. Шпехтпен, аудан әкімінің орынбасары А.К. Қантаевпен және қаржы бөлімі басшысының м.а.  Б. Каменовамен кездесу өткізілді.
   Тексеру комиссиясының мүшесі Р.У. Оралов ағымдағы жылғы 10 қыркүйектегі жағдай бойынша Шарбақты ауданының 31 мекемесі мен кәсіпорындарының ішінен тек 16 ұйымында 1-С Бухгалтерия бағдарламасы бар екенін атап өтті, бұл 51,6%-ды құрайды.   Сондай-ақ, қолданыстағы 16 бағдарламаның 5-еуі пайдаланылмайды.
Шарбақты ауданының қаржы бөлімімен мемлекеттік аудит объектілері тізбесінің жобасы бойынша мәселелерді талқылау барысында Шарбақты ауданының ұйымдарында жүргізілген мемлекеттік аудит туралы ақпарат ұсынылды.
  Кездесу нәтижелері бойынша Шарбақты аудандық мәслихатының хатшысы С.М. Шпехтпен Шарбақты ауданының жекелеген ұйымдарын мемлекеттік аудит объектілерінің 2021 жылға арналған тізбесіне енгізу бойынша ұсыныстар енгізілді.
 
Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті - Елбасы
Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан Республикасының Президенті
Құрманова
Айнагүл Амангелдіқызы
Павлодар облысы бойынша
тексеру комиссиясының
төрағасы
Сұрақ қою