Сұрау
Бюджет қаражатын шығыстау аясындағы жалпы жағдайды қалай бағалайсыз
дауыс беру
Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының 2020 жылғы 6 айдағы қызметінің қорытындылары
28-08-2020 17:21
  «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың уәкілетті органдары ретінде тексеру комиссиялары қызметінің мақсаты жергілікті бюджет қаражатын, мемлекет активтерін және квазимемлекеттік сектор субъектілерін басқару мен пайдаланудың тиімділігін арттыру болып табылады.
  Тексеру комиссиясы өзіне жүктелген өкілеттіктерді іске асыру шеңберінде 2020 жылғы 6 айда 27 объектіде 7 аудиторлық іс-шара жүргізді, соның ішінде:
26 – мемлекеттік мекеме;
1 – квазимемлекеттік сектор субъектісі.
Қамтылған қаражаттың жалпы көлемі – 26 993,1 млн. теңге.
Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасының бұзылуының жалпы сомасы – 11 887,2 млн. теңге немесе аудитпен қамтылған қаражат көлемінен 48,3%-ды құрайды, соның ішінде:
қаржылық бұзушылықтар – 9 846,9 млн. теңге немесе 82,8%;
тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражатының, мемлекет активтерінің сомасы – 1 594,8 млн. теңге немесе 13,4%;
тиімсіз жоспарланған сома – 340,7 млн. теңге немесе 2,9%.
Өтелуге (қалпына келтіруге) жататын сома – 9 846 984,9 мың теңге.
Тиісті бюджеттерге өтелген (қалпына келтірілген) қаражаттың жалпы сомасы 9 448 227,8 мың теңгені немесе 96,0%-ды құрайды.
Өтелуге (қалпына келтіруге) жататын қалдық сома 398 757,1 мың теңге, орындау мерзімі әлі жетпеген.
Құқық қорғау органдарына анықталған құқық бұзушылықтар бойынша 2 материал жіберілді.
  Есепті кезеңде Тексеру комиссиясымен ҚР ӘҚБтК 722-1-бабымен 5 әкімшілік хаттама жасалды және қаралды, 12 лауазымды тұлғаны жауаптылыққа тартумен 15 әкімшілік хаттама уәкілетті органдармен жасалды, өндіріп алынған әкімшілік айыппұлдардың жалпы сомасы 998,8 мың теңге.
  Аудит объектілерінің 24 лауазымды тұлғасы әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
  Аудит объектілеріне 72 ұсыным және 57 тапсырма жіберілді, оның ішінде 17 ұсыным және 34 тапсырма орындалды, қалғандары бойынша орындау мерзімі жетпеген. 
   2019 жылғы 6 айдағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындыларына жүргізілген талдау бұзушылықтарды жүйелі түрде жасауға себеп болатын  бірқатар факторлардың бар екенін көрсетті, олар:
- стратегиялық және бюджеттік жоспарлаудың әлсіз деңгейі;
- Аумақтарды дамыту бағдарламалары көрсеткіштерінің Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған бағдарламалық құжаттарымен сабақтаспайтындығы;
- ӘЭД болжамы жоспарының тиісінше орындалмауы, экономиканың негізгі салаларының дамуына теріс ықпал етіп, соңғы жылдары туындаған өзгерістерге терең талдаудың, тәуекелдерді болдырмау және бар ресурстарды ескерумен даму перспективасына бағалаудың жүргізілмейтіндігі;
- бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жергілікті деңгейде мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде бюджет қаражатын үнемді және нәтижелі жұмсауды мақсат тұтпауы;
- лауазымды тұлғалардың және уәкілетті органдардың өз функционалдық міндеттерін тиісінше орындамауы;
- мемлекеттік мүліктің қоғам игілігі үшін тиімді пайдаланылмауы;
- салықтарды әкімшілендіру бойынша уәкілетті мемлекеттік органдардың жеткіліксіз жұмысы;
- мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлердің біліктілік деңгейінің төмендігі.
  Барлық аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары ресми Интернет-ресурсында жарияланған.
  Қызметтің объективтілігін және ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында, 2020 жылғы 11 наурызда «Nur Otan» Павлодар облыстық филиалымен Өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум жасалды, бұл партиялық бақылау комиссиясының мүшелерін аудиторлық іс-шараларға тартуды, мемлекеттік аудиттің нәтижелері туралы ақпаратпен алмасуды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жою бойынша өзара іс-қимылды көздейді.
  Қазіргі уақытта Тексеру комиссиясымен Қазақстан Республикасы Президентінің дағдарысқа қарсы шараларға бөлінген бюджет қаражатын тиімді пайдалану бойынша алға қойған мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу жұмыстары жүргізілуде.
  Тексеру комиссиясының қызметі, алдағы уақытта да өңірдің қаржылық және бюджеттік тәртібін нығайтуға бағытталатын болады.
Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті - Елбасы
Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан Республикасының Президенті
Құрманова
Айнагүл Амангелдіқызы
Павлодар облысы бойынша
тексеру комиссиясының
төрағасы
Сұрақ қою