Сұрау
Бюджет қаражатын шығыстау аясындағы жалпы жағдайды қалай бағалайсыз
дауыс беру
Облыс әкімі Ә.Б. Сқақов Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы А.А. Құрмановаға «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалін табыс етті
28-08-2020 16:37
Облыс әкімі Ә.Б. Сқақов Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы А.А. Құрмановаға «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалін табыс етті
  Бүгін, 2020 жылғы 28 тамызда, Қазақстан Республикасының Конституция күнін мерекелеу қарсаңында, облыс әкімі Әбілқайыр Бақтыбайұлы Сқақов Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Айнагүл Амангелдіқызы Құрмановаға «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалін табыс етті.
  Бұл медальмен Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдігін  қамтамасыз етуге, еліміздің тәуелсіздігін нығайтуға, қазақстандық қоғамда келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз етуге, адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, конституционализм идеясы мен қағидаттарын тұрақтандыруға және дамытуға қомақты үлесін қосқан тұлғалар марапатталады.
  Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының ұжымы Айнагүл Амангелдіқызын мерекелік медальдың табыс етілуімен құттықтайды және зор денсаулық, толағай табыс пен жаңа кәсіби белестерді тілейді!
 
Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті - Елбасы
Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан Республикасының Президенті
Құрманова
Айнагүл Амангелдіқызы
Павлодар облысы бойынша
тексеру комиссиясының
төрағасы
Сұрақ қою