Сұрау
Бюджет қаражатын шығыстау аясындағы жалпы жағдайды қалай бағалайсыз
дауыс беру
Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен!
28-08-2020 11:57
Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен!
Құрметті әріптестер!
     Сіздерді еліміздің ұлық мерекелерінің бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын!
     30-шытамыз — қазақстандықтар үшін ерекше күн. Осыдан 25 жыл бұрын жалпыхалықтық референдумда қабылданған Негізгі заң Қазақстан Республикасын зайырлы, құқықтық және біртұтас мемлекет ретінде басты негіздерін бекітті.
     Конституция біздің тәуелсіздігіміздің мызғымас іргетасы, Қазақстанның табысты дамуы мен жоғары халықаралық беделінің кепілі болды. Оның арқасында біз Қазақстанымыздың өркендеуі барысында Тұрақтылық, Келісім және Игілікті жолмен нық қадам басамыз.
      Баршаңызға ашық аспан, келісім мен тұрақтылық, әр отбасына бақыт пен береке және бізді үлкен жетістіктерге жеткізетін Отанымыздың игілігі үшін жаңа жеңістерге ұмтылыс тілеймін.
      Әрқайсымыздың деніміз сау, әр күніміз табысты, берекелі болғай!
 
Құрметпен,
Павлодар облысы бойынша
тексеру комиссиясының төрағасы                            А. Құрманова 
Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті - Елбасы
Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан Республикасының Президенті
Құрманова
Айнагүл Амангелдіқызы
Павлодар облысы бойынша
тексеру комиссиясының
төрағасы
Сұрақ қою