Сұрау
Бюджет қаражатын шығыстау аясындағы жалпы жағдайды қалай бағалайсыз
дауыс беру
Тексеру комиссиясының төрағасы А.А. Құрманованың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі облыстық комиссиясының отырысында баяндама оқыды
27-08-2020 17:48
Тексеру комиссиясының төрағасы А.А. Құрманованың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі облыстық комиссиясының отырысында баяндама оқыды
  2020  жылғы  24  тамызда  Тексеру  комиссиясының   төрағасы                 А. А. Құрманова Павлодар облысының әкімі Ә. Б. Сқақовтың төрағалығымен өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі облыстық комиссияның отырысында «Бюджет заңнамасының, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының анықталған  бұзушылықтары және оларға жол бермеу бойынша қабылданған шаралар туралы» баяндама оқыды.
  Өз сөзінде   Айнагүл  Амангелдіқызы 65  аудит  объектісінде  жүргізілген  10  аудиторлық    іс-шаралардың қорытындысы бойынша ағымдағы жылғы 8 айдағы тексеру комиссиясы қызметінің негізгі көрсеткіштерін атап өтті.
  А. А. Құрманова анықталған бюджеттік және басқа да заңнама бұзушылықтарының жалпы сомасынан 80,6%-зы немесе 10,8 млрд. теңге қаржылық бұзушылықтарға тиісті екендігін, 17,9% немесе 2,4 млрд. теңгеден аса сома – бюджет қаражатының тиімсіз жоспарлануы және пайдаланылуы, 452 бірлік – рәсімдік бұзушылықтар екендігін айтып өтті.
  Барлық проблемалық мәселелер және анықталған бұзушылықтар бойынша аудит объектілеріне тиісінше ұсынымдар мен тапсырмалар жіберілді. Сыбайлас жемқорлық және әкімшілік бұзушылық көріністері бар фактілер бойынша 3 аудит материалы процестік шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына, 13 материал – лауазымдық тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа тарту үшін уәкілетті органдарға жіберілді.
  Осы баяндамада стратегиялық және бюджеттік жоспарлаудың төмен деңгейі, әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жоспарын тиісінше орындамау, мемлекеттік мүлікті қоғам игілігі үшін тиімді пайдаланбау, мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлер біліктілігінің төмендігі сияқты бірқатар факторлардың жүйелі бұзушылықтарды жасауға ықпал етуіне ерекше назар аударылды.
  Сондай-ақ, білім беру саласындағы мәселе қозғалды – қалалық мектептерде орын тапшылықтары бар. Талдауға сәйкес, аудитпен қамтылған 34 мектептен 19-да немесе 56% мектептерде орын тапшылығы байқалады, мұның салдары жалпы орта білім беру ұйымдарында санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуының қамтамасыз етілмеуіне алып келеді, бұл өз кезегінде білім беру үрдісінің сапасына және балалардың қауіпсіздігіне теріс ықпал етеді.
  Отырыстың қорытындысы бойынша, Павлодар облысының әкімі  Ә.Б. Сқақов А.А. Құрманованың мәлімдеген тұжырымдарымен келісіп, жуық арадағы жылдары мектептердегі орын тапшылығын екі-үш мыңнан асырмау көрсеткішіне қолжеткізу міндетін алға қойды, сондай-ақ бірқатар тиісінше тапсырмалар берді.
Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті - Елбасы
Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан Республикасының Президенті
Құрманова
Айнагүл Амангелдіқызы
Павлодар облысы бойынша
тексеру комиссиясының
төрағасы
Сұрақ қою