Сұрау
Бюджет қаражатын шығыстау аясындағы жалпы жағдайды қалай бағалайсыз
дауыс беру
Тексеру комиссиясының 4 қызметкері Алғыс хаттармен және Құрмет грамоталарымен марапатталды
23-06-2020 11:31
Тексеру комиссиясының 4  қызметкері Алғыс хаттармен және Құрмет грамоталарымен марапатталды
  Бүгін, 2020 жылғы 23 маусымда Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы А.А. Құрманова әріптестерін кәсіби мереке – Мемлекеттік қызметші күнімен құттықтап, пандемия жайлаған осы күрделі кезеңде барлығына мықты денсаулық, жұмыста толағай табыс және жаңа кәсіби жетістіктер тіледі.
   Осы күні Тексеру комиссиясының 4 қызметкері Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен марапатталды.
  Павлодар облысы әкімінің Құрмет грамотасымен бас инспектор-мемлекеттік аудитор Ж.А. Мешітбай наградталды;
  бас маман-мемлекеттік аудитор Ж.М. Жүсіпова Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Павлодар облысы бойынша департаментінің Құрмет грамотасымен марапатталды;
  Павлодар облысының мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің Кәсіптік одағы төрағасының Құрмет грамотасымен бас маман-бас бухгалтер Ж.З. Өтегенованың кәсіпқойлығы аталып өтілді.
    Облыс әкімінің Алғыс хаты құқықтық және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы А.Ә. Қошбаеваға табысталды.
Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті - Елбасы
Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан Республикасының Президенті
Құрманова
Айнагүл Амангелдіқызы
Павлодар облысы бойынша
тексеру комиссиясының
төрағасы
Сұрақ қою