Сұрау
Бюджет қаражатын шығыстау аясындағы жалпы жағдайды қалай бағалайсыз
дауыс беру
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ СЕССИЯСЫНДА ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТТІҢ 2019 ЖЫЛҒЫ АТҚАРЫЛУЫ ТУРАЛЫ ЕСЕП БЕКІТІЛДІ.
16-06-2020 10:50
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ СЕССИЯСЫНДА ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТТІҢ 2019 ЖЫЛҒЫ АТҚАРЫЛУЫ ТУРАЛЫ ЕСЕП БЕКІТІЛДІ.
  2020 жылғы 15 маусымда Павлодар облыстық мәслихаттың VI шақырылған кезекті XLI сессиясы өтті.
    Сессияда облыстық бюджеттің 2019 жылғы атқарылуы туралы есеп қаралып, бекітілді.
Сессияда сөз сөйлеген Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Айнагүл Құрманова жалпы облыс бюджетінің атқарылуы макроэкономикалық тұрақтылық жағдайында өткенін атап өтті.
    Баяндамашы облыс бюджетін жоспарлау және атқару, есепті кезеңде жүргізілген Тексеру комиссиясының аудиторлық және сараптамалық-талдау іс-шараларының нәтижелеріне негізделген мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану мәселелерін атап өтті.
   А. Құрманова өз баяндамасында жергілікті бюджеттерді салықтық әкімшілендірудің әлсіздігіне, мемлекеттік бағдарламаларды өңірлік деңгейде іске асыру тиімділігінің кемшіліктеріне егжей-тегжейлі тоқталды, бұл инвестициялық жобаларды жоспарлауға формальды тәсілдеуде, сондай-ақ коммуналдық меншікті және мемлекет активтерін басқару тиімділігінің проблемалық мәселелерінде көрініс тапты.
Атап айтқанда, ол «Павлодар» ӘКК» АҚ активтерінің басқарылу аудитінің негізгі қорытындыларын жариялады.
   Сөз сөйлеудің қорытындысы бойынша депутаттармен Павлодар қаласының әкіміне және облыстың мемлекеттік органдарының басшыларына бірқатар сұрақтар қойылды.
 
 
 
Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті - Елбасы
Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан Республикасының Президенті
Құрманова
Айнагүл Амангелдіқызы
Павлодар облысы бойынша
тексеру комиссиясының
төрағасы
Сұрақ қою