Сұрау
Бюджет қаражатын шығыстау аясындағы жалпы жағдайды қалай бағалайсыз
дауыс беру
Железин ауданының 2019 жылғы аумақтарды дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджетті жоспарлау, атқару және мемлекет активтерін пайдалану мәселесі бойынша сараптамалық-талдау іс-шарасының қорытындылары туралы
07-04-2020 16:08
    2020 жылғы 1 сәуірде железин ауданының 2019 жылғы аумақтарды дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджетті жоспарлау, атқару және мемлекет активтерін пайдалану мәселесі бойынша сараптамалық-талдау іс-шарасының қорытындылары қаралған Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысы өткізілді.
    Мемлекеттік аудитпен 3 объект қамтылды, қаражат көлемінің жалпы сомасы – 1 005 701,3мың теңге.
   Аудит қорытындысы бойынша жалпы сомасы 32372,7 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды.
   Анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасынан бюджетке түсуі тиіс сома – 505,6 мың теңге, жергілікті бюджетке өтелгені – 336,6 мың теңге.
    Бюджет қаражатының тиімсіз жоспарланған сомасы – 30955,4 мың теңге;
    Бюджет қаражатының тиімсіз пайдаланылған сомасы – 575,1 мың теңге;
    Бюджеттің тікелей шығындары 158,8 мың теңгені құрады.
    Рәсімдік бұзушылықтар – 29;
    Жүйелі сипаттағы бұзушылықтар – 2. 
    Бұзушылықтар мен кемшіліктерге жол берудің негізгі себептері мен шарттары болып бюджет саласындағы, салықтық есеп саласындағы заңнамалардың, мемлекеттік мүлік туралы заңның және басқа да нормативтік-құқықтық актілердің сақталмауы табылады.
    Қарау нәтижесі бойынша аудиторлық қорытындыны бекіту туралы қаулы шығарылды, мемлекеттік аудит объектілеріне заңнаманың бұзылуын жою және кінәлі тұлағаларға қатысты шаралар қабылдау туралы нұсқамалар жіберілді.
Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті - Елбасы
Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан Республикасының Президенті
Құрманова
Айнагүл Амангелдіқызы
Павлодар облысы бойынша
тексеру комиссиясының
төрағасы
Сұрақ қою