Сұрау
Бюджет қаражатын шығыстау аясындағы жалпы жағдайды қалай бағалайсыз
дауыс беру
Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңына сәйкес бюджет қаражатының пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары туралы баспасөз релизі
02-03-2020 17:59
Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңына сәйкес бюджет қаражатының пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары туралы  баспасөз релизі
     2020 жылғы 26 ақпанда Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында облыстық мәслихат депутаты Д.Н. Айтжанованың, сондай-ақ аудит объектілерінің лауазымды тұлағаларының қатысуымен Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңына сәйкес бюджет қаражатының пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары қаралды.
Тексеру комиссиясының мүшесі М.А. Үйсінбаев аудит нәтижелері бойынша ақпаратты баяндады.
  Мемлекеттік аудитпен 3 объекті (1 негізгі, 2 үстеме тексеріс) қамтылды, мемлекеттік аудитпен қамтылған бюджет қаражатының көлемі 9 223 848,0 мың теңгені құрады.
  Анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы – 87 684,4 мың теңге, соның ішінде:
қаржылық бұзушылықтар – 9032,8 мың теңге;
тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты - 78651,8 мың теңге.
   Одан басқа, саны 29 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар және мемлекеттік аудит объектілерінің қызметінде 2 кемшілік анықталды.
   Аудит барысында мемлекеттік аудит объектісімен 9032,8 мың теңге түсімдердің түсуі қамтамасыз етілді.
  Отырыстың қорытындысы бойынша тексеру комиссиясының қаулысымен Аудиторлық қорытынды бекітілді, аудит объектілеріне Қазақстан Республикасы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын және (немесе) оларға итермелейтін себептерді, жағдайларды жою туралы нұсқамалар жіберілді.
 
 
Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті - Елбасы
Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан Республикасының Президенті
Құрманова
Айнагүл Амангелдіқызы
Павлодар облысы бойынша
тексеру комиссиясының
төрағасы
Сұрақ қою