Сұрау
Бюджет қаражатын шығыстау аясындағы жалпы жағдайды қалай бағалайсыз
дауыс беру
Ақпараттық-имидждік іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары туралы баспасөз релизі
02-03-2020 17:52
Ақпараттық-имидждік іс-шараларды ұйымдастыруға және  жүргізуге бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына жүргізілген   мемлекеттік аудиттің қорытындылары туралы  баспасөз релизі
   2020 жылғы 26 ақпанда Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында облыстық мәслихат депутаты Д.Н. Айтжанованың, Павлодар қалалық мәслихат депутаты Г.Ш. Қайдарованың, Екібастұз қалалық мәслихатының депутаты Л.Е. Бекбергенованың, сондай-ақ аудит объектілерінің лауазымды тұлғаларының қатысуымен ақпараттық-имидждік іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары қаралды.
   Тексеру комиссиясының мүшесі Ж.Ш. Шейхислам аудит нәтижелерін баяндады.
   Мемлекеттік аудитпен 5 объекті (3 негізгі, 2 үстеме тексеріс) қамтылды, мемлекеттік аудитпен қамтылған бюджет қаражатының көлемі 2 319 069,0 мың теңгені құрады.
   Анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы – 190 453,0 мың теңгені құрады, соның ішінде:
қаржылық бұзушылықтар – 6 373,0 мың теңге;
тиімсіз жоспарланған бюджет қаражатының сомасы – 15 421,0 мың теңге;
тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражатының сомасы – 168 659,0мың теңге.
  Одан басқа, саны 33 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар және мемлекеттік аудит объектілерінің қызметінде 1 кемшілік анықталды.
  Аудит барысында мемлекеттік аудит объектісімен 1562,0 мың теңге түсімдердің түсуі қамтамасыз етілді.
  Отырыстың қорытындысы бойынша тексеру комиссиясының қаулысымен Аудиторлық қорытынды бекітілді, аудит объектілеріне Қазақстан Республикасы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын және (немесе) оларға итермелейтін себептерді, жағдайларды жою туралы нұсқамалар жіберілді.
 
 
Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті - Елбасы
Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан Республикасының Президенті
Құрманова
Айнагүл Амангелдіқызы
Павлодар облысы бойынша
тексеру комиссиясының
төрағасы
Сұрақ қою