Сұрау
Бюджет қаражатын шығыстау аясындағы жалпы жағдайды қалай бағалайсыз
дауыс беру
«Павлодар» ӘКК» АҚ-ның активтерді басқаруына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары туралы баспасөз-релизі
12-02-2020 21:22
«Павлодар» ӘКК» АҚ-ның активтерді басқаруына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары туралы  баспасөз-релизі
2020 жылғы 11 ақпанда Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында Павлодар облысының әкімі А.С. Батановтың, облыстық мәслихат депутаты А.В. Бойчиннің, сондай-ақ аудит объектілерінің лауазымды тұлғаларының қатысуымен «Павлодар» ӘКК» АҚ-ның активтерді басқаруына жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары қаралды.
  Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша  тексеру комиссиясының мүшесі  Ж.Ш. Шейхислам сөз сөйледі.
    Мемлекеттік аудитпен 2 объект қамтылды (1 негізгі және 1 үстеме тексеріс), мемлекеттік аудитпен қамтылған бюджет қаражатының көлемі 4 422 722,0 мың теңгені құрады.
    Анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы – 2 193 764,9 мың теңге, соның ішінде:
         қаржылық бұзушылықтар – 5882,6 мың теңге;
         бюджет қаражатын және мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану сомасы – 2 187 882,3 мың теңге.
   Сондай-ақ, 70 952,2 мың теңге мөлшерінде пайданы жіберіп алу фактілері анықталды.
   Экономикалық ысырап сомасы – 104 709 мың теңге.
   Одан басқа, саны 40 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.
  Аудит барысында және мемлекеттік аудит объектілерінің кейінгі шараларымен 2108,6 мың теңге өтелді.
   Отырыстың қорытындысы бойынша тексеру комиссиясының қаулысымен аудиторлық қорытынды бекітілді, аудит объектілеріне аудит объектілеріне Қазақстан Республикасы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын және (немесе) оларға итермелейтін себептерді, жағдайларды жою туралы нұсқамалар жіберілді.   
 
 
 
Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті - Елбасы
Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан Республикасының Президенті
Құрманова
Айнагүл Амангелдіқызы
Павлодар облысы бойынша
тексеру комиссиясының
төрағасы
Сұрақ қою