Сұрау
Бюджет қаражатын шығыстау аясындағы жалпы жағдайды қалай бағалайсыз
дауыс беру
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары туралы баспасөз релизі
12-02-2020 15:30
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары туралы  баспасөз релизі
   2020 жылғы 11 ақпанда Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Г.Ш. Қадырбаеваның, облыстық және қалалық мәслихаттары депутаттарының, сондай-ақ аудит объектілерінің лауазымды тұлғаларының қатысуымен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары қаралды.
      Мемлекеттік аудитпен 6 объекті қамтылды, мемлекеттік аудитпен қамтылған мемлекет активтерінің көлемі 9 275 510,4 мың теңгені құрады.
    Анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы – 8 052 691,2 мың теңге, соның ішінде:
      активтерді пайдалану кезінде бюджеттік және өзге де заңнаманың бұзылуы – 216 722,5 мың теңге;
  бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті құру кезінде заңнаманың бұзылуы - 7 835 968,7 мың теңге.
    Қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасынан өтелуі (қалпына келітірілуі) тиіс сома 8 052 691,2 мың теңге, соның ішінде:
         бюджетке өтелуі тиіс – 35918,3 мың теңге;  
         қалпына келітірілуі тиіс  – 8 016 772,9 мың теңге.
      Рәсімдік сипаттағы саны 68 бірлік бұзушылықтар анықталды.
      Тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты (активтер) сомасы – 18 403,7мың теңге.
     Аудит барысында есеп бойынша 7 835 968,7 мың теңге қалпына келтірілді.
    Отырыстың қорытындысы бойынша тексеру комиссиясының қаулысымен аудиторлық қорытынды бекітілді, аудит объектілеріне Қазақстан Республикасы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын және (немесе) оларға итермелейтін себептерді, жағдайларды жою туралы нұсқамалар жіберілді.
 
 
 
 
Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті - Елбасы
Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан Республикасының Президенті
Құрманова
Айнагүл Амангелдіқызы
Павлодар облысы бойынша
тексеру комиссиясының
төрағасы
Сұрақ қою