Сұрау
Бюджет қаражатын шығыстау аясындағы жалпы жағдайды қалай бағалайсыз
дауыс беру
2019 жылғы 11 желтоқсанда Ақтоғай ауданының аудан орталығында семинар-кеңес өткізілді
11-12-2019 17:25
2019 жылғы 11 желтоқсанда Ақтоғай ауданының  аудан орталығында семинар-кеңес өткізілді
   Ақтоғай ауданының мемлекеттік мекемелерінде және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қаржылық тәртіпті жақсарту мақсатында Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының бастамасымен 2019 жылғы 11 желтоқсанда Ақтоғай ауданының аудан орталығында «Ақтоғай ауданының мемлекеттік мекемелерінде және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде аудиторлық іс-шараларды жүргізу кезінде анықталған бұзушылықтар туралы» тақырыбына көшпелі семинар-кеңес өткізілді.
  Семинарға ауылдық округ әкімдері және мемлекеттік органдардың, мекемелердің, кәсіпорындардың басшылары, сондай-ақ олардағы бухгалтерлік есепті және қаржылық есептілікті жүргізу үшін жауапты қызметкерлері қатысты.
   Кеңес барысында Тексеру комиссиясының мүшесі М.А. Үйсінбаев семинар қатысушыларын Тексеру комиссиясының миссиясымен және негізгі міндеттерімен таныстырды, сондай-ақ ағымдағы жылғы төртінші тоқсанда аудит жүргізу кезінде Ақтоғай ауданының мемлекеттік мекемелерінде және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде анықталған бұзушылықтары туралы айтып берді.
   Тексеру комиссиясы аппаратының басшысы А.Д. Акипова өз сөзінде құқық қорғау органдарына және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уәкілетті органдарға жіберілген материалдарға ерекше назар аударды.
   Өткізілген семинар-кеңестің қорытындысы бойынша баяндамашылар қойылған барлық сұрақтарға жауап берді.
  Әкімнің орынбасары Б.Д. Абильдинова өткізілген семинар-кеңес үшін Тексеру комиссиясының қызметкерлеріне алғыс білдірді.
 
Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті - Елбасы
Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан Республикасының Президенті
Құрманова
Айнагүл Амангелдіқызы
Павлодар облысы бойынша
тексеру комиссиясының
төрағасы
Сұрақ қою