Сұрау
Бюджет қаражатын шығыстау аясындағы жалпы жағдайды қалай бағалайсыз
дауыс беру
Тексеру комиссиясының төрағасы А.А. Құрманова Жобаларды басқару тобының отырысына қатысты
04-11-2019 16:32
Тексеру комиссиясының төрағасы А.А. Құрманова  Жобаларды басқару тобының отырысына қатысты
   Тексеру комиссиясының төрағасы Айнагүл Амангелдіқызы Құрманова 2019 жылғы 1 қарашада Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық Университетінде өткен ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жобалық офисі Жобаларды басқару тобының «Білім беру бағдарламаларын жобалау және жүзеге асырудың өзекті мәселелері» атты тақырыбына арналған отырысына қатысты.
   Отырысқа аталған бағыттар бойынша кадрларды даярлаумен айналысатын Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясы, Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті, Букетов атындағы ҚарМУ, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, «Нархоз» университеті, Ш.Қабылбаев атындағы ҚР ІІМ Қостанай Академиясы, Байтұрсынов атындағы ҚМУ, Қаржы академиясы, «Тұран» университеті, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті, Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті сияқты жетекші жоғары оқу орындары қатысты. Сонымен бірге ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау Министрлігінің әлеуметтік жұмыс бойынша Ұлттық ресурстық орталығы, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау бойынша Есеп комитеті, Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясы, Халықаралық түрік Академиясы, Психикалық денсаулық медицина орталығы, мектепке дейінгі инклюзия бойынша «co-make» қоры, Қазақстан SOS балалар ауылы өкілдері белсенді түрде қатысты.
    Отырыс барысында Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ базасында Жобаларды басқару тобының 2019-2020 оқу жылына құрамы мен жұмыс жоспары, білім беру бағдарламаларын жобалауға жұмыс берушілер мен стейкхолдерлерді тарту қажеттілігі, білім беру бағдарламаларын цифрлық технологияларды пайдалану арқылы жүзеге асыру және вуздық компоненттер мен элективті пәндерді өзектендіру мәселелері талқыланды.
   Кадрлық құрамды қалыптастыру мақсатында Айнагүл Амангелдіқызы Құрманова Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы «Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларын бекіту туралы»№ 22-НҚ нормативтік қаулысына «мемлекеттік аудитор» мамандығы бойынша жоғары білімі немесе жоғарғы оқу орнынан кейінгі білімі бар болғанда ішкі мемлекеттік аудитор және мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге тиісті жұмыс тәжірибесін алып тастау, сондай-ақ Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссияның өткізетін әңгімелесуі негізінде білімдерін  растаусыз мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге сертификацияны өткізу бөлігіне өзгерістер енгізуге қатысты өз ұсыныстарын білдірді.
 
Талқылау нәтижесінде келесідей ұсыныстар жасалды:
1.     Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ базасында Жобаларды басқару тобының 2019-2020 оқу жылына құрамы мен жұмыс жоспарын бекіту;
 
2.     Білім беру бағдарламаларының мазмұнының сапасын мен тәжірибелік бағытталуын арттыру мақсатында жұмыс берушілерді түлек моделін (кәсіби құзыреттіліктерді) қалыптастыруға тарту және оқытудың күтілетін нәтижелерін сипаттау арқылы оқу бағдарламаларын құрастыру мен сараптаудағы рөлін күшейту;
 
3.  «Атамекен» ҰКП-ның кәсіби стандарттарды бекітуіне қарай оларды білім беру бағдарламаларын жасау процесінде қолдану;
 
4.     Білім беру бағдарламаларын құрастыру және жүзеге асыру тиімділігін қамтамасыз ету үшін университеттер мен бизнес-қауымдастық ынтымақтастығының жаңа формаларын қарастыру;
 
5. Білім беру процесінің цифрлық компонентін күшейту мақсатында қазіргі заманғы дидактикалық материалдарға қойылатын талаптарды ескере отырып, ашық он-лайн курстарды дамыту;
 
6. ПОҚ-ты ашық он-лайн курстардың дидактикалық материалдарын және жазбасын жасау бойынша жүйелі түрде оқыту.
 
Ссылка    
http://www.enu.kz/ru/info/novosti-enu/58513/
 
 
 
Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті - Елбасы
Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан Республикасының Президенті
Құрманова
Айнагүл Амангелдіқызы
Павлодар облысы бойынша
тексеру комиссиясының
төрағасы
Сұрақ қою