Сұрау
Бюджет қаражатын шығыстау аясындағы жалпы жағдайды қалай бағалайсыз
дауыс беру
Баспасөз-релизі «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары туралы
22-10-2019 14:48
     2019 жылғы 21 қазанда Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында лауазымды тұлғалардың, аудит объектілері басшыларының қатысуымен «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары қаралды.
    Мемлекеттік аудит нәтижелері туралы ақпаратпен тексеру комиссиясының мүшесі Б.С. Демеуов сөз сөйледі.
    Мемлекеттік аудитпен 3 объект қамтылды, мемлекеттік аудитпен қамтылған бюджет қаражатының көлемі 12 709 806,0 мың теңгені құрады.
   Анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы – 471 687,9 мың теңге, оның ішінде бюджетке өтелуге жататыны – 6271,0 мың теңге, қалпына келтіруге жататыны – 465 416,9 мың теңге.
   Бұдан басқа, саны 16 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды, жүйелі проблемалар мен кемшіліктер саны 13 бірлік.
   Аудит барысында және мемлекеттік аудит объектілерінің кейінгі шараларымен қалпына келтірілгені – 465 416,9 мың теңге.  
   Мемлекеттік сатып алу туралы 4 шарт бойынша жалпы 33 142,3 мың теңге сомаға банктік кепілдемелерді ұсыну жолымен сәйкестікке келтірілді.
   Отырыстың қорытындысы бойынша тексеру комиссиясының қаулысымен аудиторлық қорытынды бекітілді, аудит объектілеріне заң бұзушылықтарын жою және кінәлі тұлғаларға қатысты шаралар қолдану туралы нұсқамалар жіберілді.
Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті - Елбасы
Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан Республикасының Президенті
Құрманова
Айнагүл Амангелдіқызы
Павлодар облысы бойынша
тексеру комиссиясының
төрағасы
Сұрақ қою