Сұрау
Бюджет қаражатын шығыстау аясындағы жалпы жағдайды қалай бағалайсыз
дауыс беру
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫ ТӨРАҒАСЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТ ЖӨНІНДЕГІ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫНДА СӨЗ СӨЙЛЕДІ
24-10-2019 10:20
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫ ТӨРАҒАСЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТ ЖӨНІНДЕГІ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫНДА СӨЗ СӨЙЛЕДІ
     2019 жылғы 23 қазанда Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Айнагүл Амангелдіқызы Құрманова Павлодар облыстық мәслихатының экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының 2019 жылғы 9 айдағы жұмыс қорытындыларын айтып өтті.
     Отырыстың жұмысына экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Анатолий Васильевич Бойчин, экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрайымы Марина Владимировна Стрелковская, әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі Айман Қайыркенқызы Оспанова, облыстық мәслихаттың депутаттары, тұрақты комиссиялардың мүшелері, сондай-ақ облыстық басқармалардың басшылары, облыс қалалары мен аудандары әкімдерінің орынбасарлары, дербес бөлімдердің басшылары қатысты.
     Өз баяндамасында А.А. Құрманова ағымдағы жылғы 9 айдағы Тексеру комиссиясының жұмыс қорытындылары жөнінде ақпараттандырды,исондай-ақ бұзушылықтарға ықпал ететін себептер мен шарттарды жоюға бағытталған превентивті шараларды іске асыру мақсатында семинар-кеңестерді ұйымдастыру және жүргізу арқылы аудит объектілерімен жүргізілген жұмыстар туралы айтып берді.
    Депутаттарды тексеру комиссиясының ұсынымдарын сапасыз орындау, сауда-саттықты жүргізбей жер учаскелерін заңсыз ұсыну, бюджет қаражатын қымқыру және облыстың мемлекеттік мекемелерінде және кәсіпорындарында автоматтандырылған бухгалтерлік есепке алу жүйесімен қамтылуын арттыру туралы айтылған фактілерге мүдделерін білдірді. 
   Экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы иА.В. Бойчин отырыстың қорытындысы бойынша Тексеру комиссияның жұмысына жоғары баға берді. 
 
Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті - Елбасы
Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан Республикасының Президенті
Құрманова
Айнагүл Амангелдіқызы
Павлодар облысы бойынша
тексеру комиссиясының
төрағасы
Сұрақ қою