Сұрау
Бюджет қаражатын шығыстау аясындағы жалпы жағдайды қалай бағалайсыз
дауыс беру
ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫМЕН УСПЕН ЖӘНЕ ШАРБАҚТЫ АУДАНДАРЫНЫҢ АУДАН ОРТАЛЫҚТАРЫНДА «2018-2019 ЖЫЛДАР КЕЗЕҢІНДЕ АНЫҚТАЛҒАН АУДИТ ОБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЖҮЙЕЛІ БҰЗУШЫЛЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ» ТАҚЫРЫБЫНА КӨШПЕЛІ СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТКІЗІЛДІ.
13-09-2019 17:08
ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫМЕН УСПЕН ЖӘНЕ ШАРБАҚТЫ АУДАНДАРЫНЫҢ АУДАН ОРТАЛЫҚТАРЫНДА «2018-2019 ЖЫЛДАР КЕЗЕҢІНДЕ АНЫҚТАЛҒАН АУДИТ ОБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЖҮЙЕЛІ БҰЗУШЫЛЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ» ТАҚЫРЫБЫНА КӨШПЕЛІ СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТКІЗІЛДІ.
  2019 жылғы 13 қыркүйекте аудит объектілерінің қаржылық тәртібін жақсарту мақсатында Тексеру комиссиясының қызметкерлерімен Успен және Шарбақты аудандарының аудан орталықтарында «2018-2019 жылдар кезеңінде анықталған аудит объектілерінің жүйелі бұзушылықтары туралы» тақырыбына көшпелі семинар-кеңес өткізілді.
Семинарға Успен ауданының әкімі Н.В. Дычко, Шарбақты ауданы әкімінің орынбасары А.Б. Жармағамбетов, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, мекемелердің, кәсіпорындардың басшылары және олардың бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті жүргізуге жауапты қызметкерлері қатысты.
  Кеңес барысында Әдеп жөніндегі уәкілдің тексеру комиссиясының мүшесі М.А. Үйсінбаевпен 2019 жылғы 1 жартыжылдықтағы тексеру комиссиясы қызметінің қысқаша қорытындылары, мемлекеттік аудит жүйесін жетілдіру шаралары, мемлекеттік аудиторларға қойылатын этикалық нормалар мен талаптар туралы айтылды.
  Сапа бақылауы бөлімінің басшысы Б.Қ. Исаева мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жүйелі бұзушылықтары, бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу және бекіту, шығындарды капиталдандыру туралы айтты, сондай-ақ аумақтарды дамыту бағдарламаларын, Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламаларын іске асыру кезінде жиі кездесетін кемшіліктер мен бұзушылықтар келтірілген.
  Құқықтық және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы А.Д. Акипова кеңеске қатысушыларды жер қатынастары, мемлекеттік сатып алу, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы жүйелі бұзушылықтармен, сондай-ақ тексеру комиссиясының әкімшілік және сот тәжірибесімен таныстырды.
  Өткізілген семинар-кеңес қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясының қызметкерлерімен семинар қатысушыларының сұрақтарына ұсынымдар мен жауаптар берілді.
Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті - Елбасы
Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан Республикасының Президенті
Құрманова
Айнагүл Амангелдіқызы
Павлодар облысы бойынша
тексеру комиссиясының
төрағасы
Сұрақ қою