Сұрау
Бюджет қаражатын шығыстау аясындағы жалпы жағдайды қалай бағалайсыз
дауыс беру
Аққулы ауданының аумағын дамыту бағдарламасының іске асырылуына, салықтық әкімшілендіруіне, бюджет процесіне қатысушылардың жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін жоспарлауына және пайдалануына мемлекеттік аудиттің қорытындылары туралы Басп
05-09-2019 16:52
   2019 жылғы 03 қыркүйектегі Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында лауазымды тұлғалардың, аудандық мәслихат депутатының және аудит объектілері басшыларының қатысуымен Аққулы ауданының аумағын дамыту бағдарламасының іске асырылуына, салықтық әкімшілендіруіне, бюджет процесіне қатысушылардың жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін жоспарлауына және пайдалануына мемлекеттік аудиттіңқорытындылары қаралды.
         Мемлекеттік аудит нәтижелері туралы ақпаратпен тексеру комиссиясының мүшесі С.Б. Сұлтанова сөз сөйледі.
         Мемлекеттік аудитпен 19 объект қамтылды, мемлекеттік аудитпен қамтылған бюджет қаражатының көлемі 7 462 868,25 мың теңгені құрады.
         Анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы – 244 663,0 мың теңге, оның ішінде бюджетке өтелуге жататыны 56 978,7 мың теңге, қалпына келтіруге жататыны – 187 684,3 мың теңге.
         Бұдан басқа, саны 131 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.
         Тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражатының (активтер) сомасы –                            761 436,5 мың теңге.
         Аудит барысында және мемлекеттік аудит объектілерінің кейінгі шараларымен өтелгені – 5 410,5 мың теңге, қалпына келтірілгені – 186 963,2.
         Отырыстың қорытындылары бойынша тексеру комиссиясының қаулысымен аудиторлық қорытынды бекітілді, аудит объектілеріне заң бұзушылықтарын жою және кінәлі тұлғаларға қатысты шаралар қолдану туралы нұсқама жіберілді.
Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті - Елбасы
Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан Республикасының Президенті
Құрманова
Айнагүл Амангелдіқызы
Павлодар облысы бойынша
тексеру комиссиясының
төрағасы
Сұрақ қою