Сұрау
Бюджет қаражатын шығыстау аясындағы жалпы жағдайды қалай бағалайсыз
дауыс беру
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары туралы Баспасөз-релизі
05-09-2019 16:52
   2019 жылғы 03 қыркүйектегі Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында лауазымды тұлғалардың, облыстық мәслихат депутатының және аудит объектілері басшыларының қатысуымен Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары қаралды.
         Мемлекеттік аудит нәтижелері туралы ақпаратпен тексеру комиссиясының мүшесі Ж. Шейхислам сөз сөйледі.
         Мемлекеттік аудитпен 5 объект қамтылды, мемлекеттік аудитпен қамтылған бюджет қаражатының көлемі 13 429 685,0 мың теңгені құрады.
         Бюджетке өтелуге жататын анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы – 108205,0 мың теңге.
         Тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражатының сомасы – 29 194,0 мың теңге.
         Бұдан басқа, саны 11 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.
         Отырыстың қорытындылары бойынша тексеру комиссиясының қаулысымен аудиторлық қорытынды бекітілді, аудит объектілеріне заң бұзушылықтарын жою және кінәлі тұлғаларға қатысты шаралар қолдану туралы нұсқама жіберілді.
Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті - Елбасы
Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан Республикасының Президенті
Құрманова
Айнагүл Амангелдіқызы
Павлодар облысы бойынша
тексеру комиссиясының
төрағасы
Сұрақ қою