Сұрау
Бюджет қаражатын шығыстау аясындағы жалпы жағдайды қалай бағалайсыз
дауыс беру
О проведенном семинар-совещании на тему: «Новые методы борьбы с коррупцией. Внедрение принципов добропорядочности в обществе и в государственном аппарате» для работников органов государственного аудита
28-08-2019 09:49
  Мемлекеттік аудит органдарықызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы А.А. Құрманова Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментімен бірлесіп, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа әдістері. Қоғамда және мемлекеттік аппаратта тұтастық принциптерін енгізу» тақырыбына арналған семинар-кеңесті өткізуге бастама болды.
  Осылайша, 2019 жылғы 26 тамызда Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Павлодар облысы бойынша департаментінің Превенция және тұтастық басқармасының бас маманы Шерхан Даулетұлы Коканов Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Павлодар облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің, сондай-ақ «Павлодар облысы әкімінің аппараты» ММ ішкі аудит қызметінің қызметкерлерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы жаңашылдықтармен таныстырды.
  Талқылау барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл профилактикасы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға итермелейтін барлық мүмкіндіктерді жоққа шығару, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы заңнаманы бұзу фактілерінің алдын алу талқылаудың басты бағыттары болып табылды.
  Сондай-ақ, мемлекеттік аудит органдары қызметкерлерінің іссапарларда және қызметтік қажеттілікке байланысты тұрақты орналасу шегінен асып, басқа сапарларда болу кезіндегі әдеп нормалары жөнінде сөз қозғалды.
  Кеңеске қатысушылардың назарына аталған тақырыпқа қатысты бейнероликтер ұсынылды.
  Одан басқа, Ш.Д. Коканов мемлекеттік аудит органдарының қызметкерлерін «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» жобасы бойынша Павлодар қаласында ашылған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің жанындағы «Ертіс – адалдық алаңы» офисінің қызметімен таныстырды.
  Бұл ретте, Коканов Шерхан орын алған проблемаларды анықтау және халық үшін жайлы жағдайларды құру үшін оларды шешу – аталған офистің мақсаты болып табылатындығын айтып өтті.  
Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті - Елбасы
Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан Республикасының Президенті
Құрманова
Айнагүл Амангелдіқызы
Павлодар облысы бойынша
тексеру комиссиясының
төрағасы
Сұрақ қою