Сұрау
Бюджет қаражатын шығыстау аясындағы жалпы жағдайды қалай бағалайсыз
дауыс беру
Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Айнагүл Құрманова Тексеру комиссияларының қызметін жетілдіру жөніндегі Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары үйлестіру кеңесінің кіші комитетінің төртінші отырысына қатысты
16-08-2019 15:25
Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Айнагүл Құрманова Тексеру комиссияларының қызметін жетілдіру жөніндегі Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары үйлестіру кеңесінің кіші комитетінің төртінші отырысына қатысты
   Ағымдағы жылғы 14 тамызда Павлодар облысы бойыншатексеру комиссиясының төрағасыАйнагүл Құрманова Қызылорда қаласында өткізілген Тексеру комиссияларының қызметін жетілдіру жөніндегі Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары үйлестіру кеңесінің кіші комитетінің төртінші отырысына қатысты.
     Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрайымы Наталья Годунованың төрағалығымен өткізілген Кіші комитеттің отырысында Қызылорда және Маңғыстау облыстары бойынша тексеру комиссияларының 2018 жылғы және 2019 жылдың 1 жартыжылдығындағы қызметінің қорытындылары тыңдалды.
    Отырыстың қорытындысы бойынша Тексеру комиссияларына өңірлердің дамуын бағалау бойынша жұмыстарды атқару, соның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің алға қойған 10 міндетіне сәйкес аумақтарды дамыту бағдарламаларының іске асырылу тиімділігіне аудит жүргізу, Үйлестіру кеңесі шешімдерінің орындалуына бақылауды күшейту, оларды орындау сапасын арттыру; Есеп комитетінде тексеру комиссиясы қызметкерлерінің тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру тапсырылды.
  Одан басқа, аудиторлық корпустың біліктілігін арттыру, соның ішінде халықаралық сертификаттау бойынша біліктілікті арттыру жұмысын белсендіру ұсыным етілді.
 
    2019 жылғы 15 тамыздаАйнагүл Құрманова Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті өткізген «Өңірлерде тексеру комиссияларының қызметін жетілдірудің негізгі мәселелері» тақырыбына арналған алғашқы республикалық көшпелі семинарға қатысты.
    Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова күшіне енген және Есеп комитеті мен өңірлердегі тексеру комиссияларының жұмысында орын алатын өзгерістер туралы айтып берді.
   Одан басқа, өз сөзінде Н. Годунова «Егер осыған дейін біз тек бюджеттің игерілуін тексерген болсақ, енді қазір Есеп комитетіне мемлекеттік бағдарламаларға аудит жүргізу, толық салалар мен жекелеген салаларға аудит жүргізу, мемлекеттік мүліктің және активтердің пайдаланылуына аудит жүргізу құзыреті берілді. Одан басқа, Мемлекет басшысы бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлағаны және пайдаланғаны үшін жауаптылықты күшейтуді тапсырды», - деп айтып өтті.  
  2019 жылғы 16 тамызда А. Құрманованың төрағалығымен осы семинардың қорытындысы бойынша Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясы қызметкерлеріне кеңес өткізілді, мұнда алынған тапсырмалар мен ұсынымдарды ескере отырып, Кіші комитет отырысының негізгі қорытындылары қаралды, алдағы кезеңге міндеттер айқындалды және Тексеру комиссиясының қызметкерлеріне тиісті тапсырмалар берілді.
Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Құрманова
Айнагүл Амангелдіқызы
Павлодар облысы бойынша
тексеру комиссиясының
төрағасы
Сұрақ қою