Сұрау
Бюджет қаражатын шығыстау аясындағы жалпы жағдайды қалай бағалайсыз
дауыс беру
«Мектепке жол»
08-08-2019 17:34
Жыл сайын, жаз соңында, «Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясына белсенді қатысып отыруы дәстүрге айналды.
Биылғы оқу жыл басы да, қалыс қалған жоқ. Тексеру комиссиясының ұжымы көп балалы отбасыдан шыққан баланы мектепке дайындауға көмек көрсетті. Бірінші сынып оқушысы алдағы оқу жылына спорт киімінің жиынтығын, спорттық аяқ киім, бірінші сынып оқушысына арналған ортопедиялық сөмке және кеңсе жабдықтарының жиынтығын сыйлыққа алды.
Бүлдіршінге жаңа бастаулар, маңызды жетістіктер мен жеңістер тілейміз! Оның мектепке жолы жарқын әрі жеңіл болсын!