Сұрау
Бюджет қаражатын шығыстау аясындағы жалпы жағдайды қалай бағалайсыз
дауыс беру
«Ертіс – адалдық алаңы» жобалықофис шеңберінде ағымдағы жылғы 12 маусымда «Аққулы ауданының аумағын дамыту бағдарламасының іске асырылуына
13-06-2019 10:55
«Ертіс – адалдық алаңы» жобалықофис шеңберінде ағымдағы жылғы 12 маусымда «Аққулы ауданының аумағын дамыту бағдарламасының іске асырылуына
«Ертіс – адалдық алаңы» жобалықофис шеңберінде ағымдағы жылғы 12 маусымда «Аққулы ауданының аумағын дамыту бағдарламасының іске асырылуына, салықтық әкімшілендіруіне, бюджет процесіне қатысушылардың жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін жоспарлауына және пайдалануына мемлекеттік аудит жүргізу» аудиторлық іс-шарасын жүргізу алдында Аққулы ауданының мемлекеттік мекемелерінде аудитті жүзеге асыратын Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясы қызметкерлері, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілерінің лауазымды тұлғалары Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Павлодар облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Назымбек Алпысбайұлы Бекжановпен және тексеру комиссиясының әдеп жөніндегі уәкілі Маулен Адырбайұлы Үйсінбаевпен кездесті. 
Кездесу барысында Маулен Адырбайұлы қатысушылардың назарын Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің қатаң сақталуы керектігіне аударды, мемлекеттік қызметші өзінің мінез-құлқымен және іс-қимылымен қоғам тарапынан сынға алынуы үшін түрткі болмауы керектігін, жеке бас мәселелерін шешу кезінде қызмет бабын пайдаланбауын, іскерлік әдептілік және ресми мінез-құлық ережелерін сақтауы керектігін нақтылап айтып өтті. Әсіресе, қызметшілердің қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық, іс-әрекеттеріне ерекше назар аударды.
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы                      іс-қимыл агенттігі Павлодар облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Назымбек Алпысбайұлы Бекжанов орталық аппарат - Агенттікпен «Өз есебінен» жобаның іске асырылуына бастама болғандығын еске салды, бұл жоба өңірлер мен ауылдарға іссапарға жіберілгендерге дастарханға, қонақүйге, жол ақысына төлем жасаумен күрес жүргізуге бағытталған. Осындай фактілер анықталған жағдайда, мемлекеттік қызметшілердің іс-әрекеттері пара беру мен пара алу тұрғысынан ғана қаралып қоймай, сонымен бірге қызметі бойынша әрекет етпеген тұлғаларға және пара берудегі делдалдарға қатысты шаралар қолданылатын болады. Одан басқа, сыбайлас жемқорлық субъектілері болып табылмайтын тұлағалардың іс-әрекеттері ҚР ҚК 247-бабы бойынша (заңсыз сыйлық алу) қаралатын болады.
 «Мемлекеттік қызметшілердің артық жұмыс жасауы бойынша жағдайды өзгерттік, енді тағам ұсыну мәселесі қалды. Іссапарға шыққан әрбір қызметкер өзінің қағидаға берік, әділ және парасатты екенін көрсетуі қажет. Қабылдаушы тарап өз кезегінде Заңға сәйкес әрекет етуі қажет және бұл қағидалар бұзылған жағдайда осындай мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік алаңдарда қарастыратын боламыз. Бұдан бөлек, жайылған дастархандарды сыйлық беру және алу деп қарастыратын боламыз» - деп айтып өтті Н.А. Бекжанов.
Кездесудің қорытындысы бойынша Аққулы ауданының әдеп жөніндегі уәкілі Алма Жантенқызы Қасымова тексеруге келген аудиторларды Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі әзірлеген іссапарларда және басқа да қызметтік қажеттілікке байланысты тұрақты орнынан тыс шыққанда мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқы жөніндегі арнайы жаднамамен таныстырды.