Сұрау
Бюджет қаражатын шығыстау аясындағы жалпы жағдайды қалай бағалайсыз
дауыс беру
Мемлекеттік бюджеттің 4-ші дербес деңгейінің іске асырылуының бірінші жылғы қорытындылары шығарылды
12-04-2019 16:09
Мемлекеттік бюджеттің 4-ші дербес деңгейінің іске асырылуының  бірінші жылғы қорытындылары шығарылды
  Ағымдағы жылғы 11 сәуірде Тексеру комиссиясының төрағасы А.А. Құрманова облыс әкімі Б.Ж. Бақауовтың төрағалығымен мемлекеттік бюджеттің 4-ші дербес деңгейін іске асыру мәселелері бойынша жұмыс кеңесіне қатысты.
  Өз сөзінде Айнагүл Құрманова 2018 жылғы аудиторлық іс-шаралардың нәтижелеріне негізделген жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін реформалауды жергілікті деңгейде іске асырудың бірінші жылының, сондай-ақ ағымдағы жылғы 1 тоқсанда Павлодар ауданының және Павлодар қаласының жекелеген ауылдық округтерінің 2018 жылғы 4-ші деңгейлі бюджеттерінің қалыптастырылуына және атқарылуына жүргізілген мемлекеттік аудиттің негізгі мәселелерін атап өтті.
  Кеңес қорытындысы бойынша Облыс әкімі облыстың ауылдық округтері, ауылдары мен кенттері бюджеттерінің атқарылуындағы бұзушылықтар  мен кемшіліктерді жоюға бағытталған тиісті тапсырмалар берді.
   Кеңес облыс қалалары мен аудандары әкімдерінің, облыс ауылдық округтері, ауылдары мен кенттері әкімдерінің, сондай-ақ облыс басқарма басшыларының қатысуымен Шарбақты ауданының Орлов ауылында өтті.