Сұрау
Бюджет қаражатын шығыстау аясындағы жалпы жағдайды қалай бағалайсыз
дауыс беру
Бюджет процесіне жекелеген қатысушылардың бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалануына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары туралы (Павлодар қаласында тоқтатылған тексерістерді қайта бастау) Баспасөз-релизі
29-12-2018 11:42
Бюджет процесіне жекелеген қатысушылардың  бюджет қаражатын және мемлекет активтерін  пайдалануына жүргізілген мемлекеттік аудиттің  қорытындылары туралы (Павлодар қаласында  тоқтатылған тексерістерді қайта бастау)  Баспасөз-релизі
  2018 жылғы 28 желтоқсандағы Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында бюджет процесіне жекелеген қатысушылардың
бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалануына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары (Павлодар қаласында тоқтатылған тексерістерді қайта бастау)қарастырылды.
   Бақылау нәтижелері туралы ақпаратпен тексеру комиссиясының мүшесі Б. Демеуов сөз сөйледі.
   Мемлекеттік аудитпен 1 объект қамтылды – «Бас бостандығынан айыру мекемелерінен босатылған тұлғалар үшін Павлодар қалалық бейімделу орталығы» ММ, мемлекеттік аудитпен қамтылған бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінің көлемі 117462,0 мың теңгені құрады.
Анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы – 3292,1 мың теңге, оның ішінде жергілікті бюджетке өтеуге жататыны – 1498,5 мың теңге, қалпына келтіруге жататыны – 1793,6 мың теңге.
   Отырыстың қорытындылары бойынша тексеру комиссиясының қаулысымен аудиторлық қорытынды бекітілді, аудит объектілеріне заң бұзушылықтарын жою және кінәлі тұлғаларға қатысты шаралар қолдану туралы нұсқама жіберілді. Құқық бұзушылық көріністері бар материалдар қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қолдану үшін құқық қорғау органдарына және уәкілетті органдарға жіберілді.