Сұрау
Бюджет қаражатын шығыстау аясындағы жалпы жағдайды қалай бағалайсыз
дауыс беру
«Павлодар облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ ведомстволық бағынысты ұйымдарында бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдаланудың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына сәйкестігіне жүргізілген мемлекеттік
29-12-2018 11:39
«Павлодар облысы мәдениет, архивтер және  құжаттама басқармасы» ММ ведомстволық бағынысты  ұйымдарында бюджет қаражатын және мемлекет  активтерін пайдаланудың Қазақстан Республикасының бюджет  және өзге де заңнамасына сәйкестігіне жүргізілген  мемлекеттік
  2018 жылғы 28 желтоқсандағы Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында «Павлодар облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ ведомстволық бағынысты ұйымдарында бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдаланудың   Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына сәйкестігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары қарастырылды.
      Бақылау нәтижелері туралы ақпаратпен тексеру комиссиясының мүшесі Ж. Шейхислам сөз сөйледі.
   Мемлекеттік аудитпен 3 объект қамтылды, мемлекеттік аудитпен қамтылған бюджет қаражатының көлемі 887204,1 мың теңгені құрады.
    Анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы –  39260,6 мың теңге, оның ішінде жергілікті бюджетке өтеуге жататыны – 467,1 мың теңге, қалпына келтіруге жататыны – 38793,5 мың теңге.
    Отырыстың қорытындылары бойынша тексеру комиссиясының қаулысымен аудиторлық қорытынды бекітілді, аудит объектілеріне заң бұзушылықтарын жою және кінәлі тұлғаларға қатысты шаралар қолдану туралы нұсқама жіберілді. Құқық бұзушылық көріністері бар материалдар қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қолдану үшін құқық қорғау органдарына және уәкілетті органдарға жіберілді.